• Әдебиет
  • 06 Қаңтар, 2017

«Абылайдың ақ туы»

Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы» атты жаңа тарихи романының алғашқы кітабында осыдан үш ғасыр бұрынғы, ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары суреттеледі. Мұндағы оқиғалар негізінде Іле, Сырдария сияқты ұлы өзендердің жағалауында, Қаратау бойына өтеді. Ал романның екінші томында ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған, осыдан үш ғасыр бұрынғы қазақ-қалмақ соғысының соңғы кезеңі суреттелген. Бұл яғни жазушының бұдан бұрын жарық көрген «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы» атты, барлығы төрт кітаптан тұратын роман-эпопеясының соңғы кітабы. Мұнда жазушы Қаратау бойында, Ташкент қаласы төңірегінде, Шу, Қаратал өзендерінің жағалауында өткен оқиғаларды суреттей отырып, ұлттық дербестік, мемлекеттік қауіпсіздік, ел тағдыры, жеке адам тағдыры, оның күйініші мен сүйінші хақында үлкен ойлар түйеді. Жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың «Абы­лайдың ақ туы» атты роман-диология­сы кейіпкерлерінің бірі Ескелді би: «Ұшы-қиырсыз далада бытырап жатқан қазақ, бұл сөзіме құлақ сал: «бүкіл қазақты көтерейік, Арқаның да, Сыр бойының да, басқаның да сардар-сарбаздарын бір тудың астына топтап біріктірейік. Сонда ғана туымыз жығылмайды... жығылсақ өзіміз жығылайық, тек ту жығылмасын!» дейді. Белгілі ғалым Шериаздан ­Елеукенов ­атап көрсеткеніндей Абылай хан мен Қабанбай батыр, Ескелді сияқты билер көксеген арман-мұраттар бүгінгі тәуелсіздігіміздің ұраны – Мәңгілік Ел идеясымен тоғысады. Тарихи роман «Томирис 21» баспасынан жарық көрді.

4034 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы