• Әдебиет
  • 12 Қаңтар, 2017

Ынтымақ түбі – игілік

Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамы­ту қорының директоры Азат Шәуеев пен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының басшысы Болат Жүнісбеков өзара шығармашылық ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты – қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, ғаламтор кеңістігінде мем­ле­кеттік тілдің қолдануаясын кеңейту болып табылады. Ынтымақтастық меморандумының аясында «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порталын бірлесіп толықтыруға, Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы, оның ақын шәкірттері, замандастарының естеліктері, абайтанушылардың Абайға арналған еңбектері, шығармалары жайында материалдар жинау жұмыстарын жүзеге асыру, ақпараттармен алмасу және бірлескен бастамаларды әзірлеуге қатысу көзделеді.

2620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы