• Әдебиет
  • 26 Қаңтар, 2017

«Мәңгілік елім, мәңгілік жырым»

Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемо­риал­­дық мұражайда ауданның 25 жас ақынының өлеңі енгізілген «Мәңгілік елім, мәңгілік жы­рым» атты жыр жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер кешіне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, сатирик ақын, жазушы Әзірбайжан Қонарбаев, Қазақстан Суретшілер және Журналистер одағының мүшесі Бірғали Байекеев, ақын Сабақбай Тілегенов, т.б. қатысып, жас ақындардың кітабына жылы лебіздерін білдірді. Өлеңдерін талдап, тың із­де­ністері мен поэзиясының көркемдігін тілге тиек етті. Жинақ «Ұлы дала ұрпақтары» жобасы аясында жарыққа шықты. Бұл жоба – қазақ әдебиеті әлеміне енді адымдап келе жатқан талантты жас ақындарды қолдап, шабытына қамшы болатын бірегей бастамалар­дың бірі. Шараны ұйымдастырушылар аталған жоба аудандық жастар орталығының тың идеясы бойынша жүзеге асып келе жатқанын айтады. Мәселен, осыған дейін бұл жоба аясында ­жастар орталығында көптеген белгілі азаматтармен кездесу өткізіліпті.

Дүйсен Әлі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

942 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы