• Әдебиет
  • 15 Мамыр, 2017

«Абай жолы» – руханият жолы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Абай жолы» – Алашты паш еткен әлемге» атты көрме ашылды.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған шара қаламгердің басты шығармасы – «Абай жолы» роман-эпопеясына арналған. Көрменің ашылу салтанатына жазушының ұлы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков, университет басшылығы, оқытушылар мен зиялы қауым қатысты. Көрмені ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бірінші проректоры М.Ермағанбетов Мұхтар Әуезовтің мерейтойы ұлы ақын атындағы университетте бастау алып отырғаны қуанышты жайт екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жақында жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған ойлармен үндесетін бұл шара Абай мен Әуезов шығармаларына жаңа көзқараспен қараудың бастамасы екенін тілге тиек етті. Ұлылықтың үлгісіндей, ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің арқасында дүниеге келген «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың ғана емес, әлемдік әдебиеттің құнды қазынасына айналды. «Абай жолы – руханият жолы», «Дәуірдің дара саңлағы», «Мұңлы қоңыр туған анам, Туған жерім Бөрілі», «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» сынды бөлімдерден тұратын мазмұнды көрме осыны растайды. Мұнда Абай Құнанбайұлының өз шығармаларынан бастап, М.Әуезовтің көркем туындылары, сондай-ақ, әдебиеттанулық материалдар, қолжазбалар көрнекті орын алған.

3227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы