• Әдебиет
  • 21 Қыркүйек, 2017

Саяхатшының жаңа туындысы

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапха­на­сының Көрме залында белгілі жазушы-саяхатшы Исмаилжан Иминовтың «Арал: жоғалған теңізді іздеуде» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, журналис­тер қатысты. Жиынды құттықтау сөзімен ашқан Аралды құтқару Халықаралық Қоры атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз туындының мән-маңызына тоқталып өтті. Шара барысында С.Елемесова, Ж.Айтхожин, Ш.Надыров, Р.Терлікбаев А.Бейсеуов және т.б. азаматтар өз ойларымен бөлісті. Сөз сөйлегендер кітаптың өзекті мәселеге арналғанын жеткізді. Қаламгер Исмаилжан Иминов өз сөзінде туындының жазылу тарихы туралы әңгімелеп берді. Айта кетейік, кітап Qazaq Geography-дың Арал өңірі мен Кіші Арал теңізінің жағалауларына ұйым­дастырылған «Ұлытау-Арал» ғылыми-танымдық экспедицияның нәти­жесі болып табылады. Экспедиция мүшелері Астана, Жезқазған, Қоскөл, Қаратерең, Арал-Асар қалашығы, Барсакелмес қорығы, Қазалы, Жусалы тәрізді бағыттар бойынша жүріп өтті. Туынды Қазақ ұлттық географиялық қоғамы мен Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару Халықаралық Қорының атқарушы дирекциясының қолдауымен жарық көрген еңбекте автордың жеке, шынайы әсерлері негізінде жазылған жолжазбалар мен Арал өңірінің тарихы, географиясы мен мәдениеті туралы танымдық дүниелер қамтылған.

Дәукен Жұматұлы

15854 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы