• Әдебиет
  • 26 Қыркүйек, 2018

Жазушы. Журналист. Қайраткер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және К.Тоқаевтың ұрпақтары, немере-шөберелері қатысты. ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым­қайыр Мұтанов кіріспе сөз сөйлеп, қаламгердің өмір жолына тоқ­талып, мемлекет қайраткерінің өміршең туындылары бүгінгі күн рухымен үндесіп, отаншыл жас ұрпақтың рухани игілігіне айналып отырғанын атап өтті. Кемел Тоқаевтың ұрпақтары аты­нан мінбеге көтерілген Қарлыға Кемелқызы және саясат­тану ғы­лы­мының докторы, Қазақстанның тұңғыш елшісі Ақмарал Арыстанбекова «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген «Кемел Тоқаев» атты еңбектің лентасын қиды. Жү­рек­жарды қуанышымен бөліскен А.Арыстанбекова ардақты азаматтың еліне сіңірген еңбегін атап өтіп, «ол кісімен танысу қуанышы бұйырмаса да, есімі сөнбес тұлғаның ұл-қызда­рын бір кісідей білемін. Қасым-Жомарт Кемелұлымен талай уақыт бірге жұмыс істедік. Әкесінің ізін жалғаған ұрпақтары да бүгінде мемлекет, ұлт мүддесі үшін ауқымды істер атқаруда. Бүгінгі әдебиет айдынына қосылған кезекті құнды кітаптың жарық көруімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын» деп ізгі тілегін жеткізді. Жазушының өмірі мен шығар­ма­шылығына арналған негізгі баяндаманы белгілі сыншы, «Парасат» орденінің иегері Бақыт Сарбалаев жасады. Кемел Тоқаевтың шәкірті, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Рафаэль Ниязбек «Кемел Тоқаев – өзі өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін шынайы көрсетіп, шытырман оқиғаларға желі етіп, сабақ алар, салмақты мұра қалдырған дарын иесі. Оның қаламынан туған еңбектерінде отаншылдық рух, ұлттық патриотизм тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Болашақ ұрпағына мәңгі өлмес мұра қалдырған тұлғаның туындыларынан бүгінгі буын нәр алып, сусындап өсіп келеді» деп, жазушының адамгершілік қырларына мән бере отырып, «Кемел Тоқаев – детектив жанрының атасы» деген баға берді. Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы Жанғара Дәдебаев «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітапта Кемел Тоқаев­тың өмірі, шығармалары жайлы жазылуы, өзінің еңбектерінің, қалам­дастарының, достарының жазған есте­ліктері, солардың жариялануы ­жастар үшін құнды еңбек екенін әңгіме өзегіне айналдырды. «Бұл университетті бітірген аза­мат­тардың ішінде Кемел Тоқаев өзінің өмірінің ерекшелігімен біздің ұрпақтың ойында, көкірегінде дара тұлға болып қалады» деген пікір айта келе, аталған кітапты мемлекеттік тапсырыспен шығарып, еліміздегі жоғары оқу орындарына көптеп тарату керектігін тілге тиек етті. К.Тоқаев атындағы қоғамдық қор­дың өкілі Нұрғиса Дәуешов қордың атқарып отырған жұмысына тоқталды. Бұған дейін Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған студент, магистрант, PhD-докто­рант­тар мен жас ғалымдар арасында жарияланған «Елім деп соққан жүрегі» атты байқаудың жеңімпаздарын ­марапаттап, сертификат пен арнайы ақшалай сыйлық табыс етті. *** Ғылым ордасында қазақ проза­сын­дағы детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың бес томдық жинағының тұсаукесері өтті. Жинақ «Ана тілі» баспасынан жарыққа шыққан. Тұсаукесерге зиялы қауым өкіл­дері, ғалымдар мен ақын-жазушы­лар қа­тысты. Шара барысында жазушы, Қазақстан Республикасы­ның Мем­­лекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров К.Тоқаевтың өмірі мен шы­ғармашылық жолынан сыр шертті. Аталған бес томдықтың алғашқы томына К.Тоқаевтың сүбелі шығар­ма­сы «Солдат соғысқа кетті» романы берілсе, төртінші томына «Сарғабанда болған оқиға», «Көшпенді үйдің қо­ны­сы қайда?», «Таудағы жаңғырық», «Көмескі із», «Солдат қабірінің басында» секілді шытырман оқиғалы повес­тері енген. Сондай-ақ жинақта «Заман­­дастар сыры» деп аталатын Қасым Қайсенов туралы деректі пове­сімен бірге, жазушының өмірі мен шы­­ғар­машылығы туралы замандастары мен қаламдастарының естеліктері бар.

Бағдагүл Балаубаева «Ана тілі»

2097 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5810

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5480

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2544

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2277

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2259

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы