• Тарих
  • 21 Қазан, 2010

«Білім – әрбір үйге»

«Нұр Отан» ХДП Астанадағы мә­жіліс залында «Sabi Astana», «Бота» қорлары «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қолдауымен халықтың әлеуметтік жағдайлары нашар бөлігіндегі мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі жос­парларды жүзеге асыруға қоғамды жұмылдыру және «Білім – әрбір үйге» атты жобаны іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өткізді.

«Sabi Astana» қорының «Білім - әрбір үйге» жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізіліп отырған дөңгелек үс­телдің мақсаты халықтың әлеу­мет­тік нашар бөлігіндегі мектепке дейінгі тәрбие мәселесін шешудің алдағы уақыттардағы жұмыс жос­парларын жасап, стратегиялық ше­шімдер қабылдау, сондай-ақ бо­лашақта бірлесіп жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдармен ке­лісімге отыру болып табылады. Жиынға мемлекеттік орган­дардың, саяси партиялардың, мақ­сатты аудиториялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Білім – әрбір үйге» жобасының негізгі жетістіктері талқыланды. Жоба бойынша 1,5 мен 3 жас аралығындағы балалар уа­қытша тәрбие алатын ақысыз даму орталықтары ашылуы тиіс. Орталық баланың бастапқы өсу кезеңінде дамыту бағдарламасын жасайды. Әлеуметтік жағдайлары нашар ата-аналардың жұмыс із­деген кезде, табыс табуға шық­қанда балаларын сеніп тастап ке­тетін жерлері бола бермейді. Бұл үлкен мәселе екені рас. Ондай аналар осы орталыққа бүлдіршіндерін уақытша тастап кетулеріне болады. Сондықтан аз уақытқа мектепке дейінгі жастағы балаларды қабылдайтын ақысыз топтар төмендегідей мәселелерді шешеді: Баланың мектепке дейінгі білім мен тәрбие алуына құқық береді. Балаларға дәл осы жаста қажетті тәлім-тәрбиелер мен сабақтар беріледі, соның ішінде әлеуметтік, мәдени тәрбиелер беруге, балалар ұжымындағы қа­рым-қатынастарға баулуға мән беріледі. Орталық әлеуметтік жағ­дай­лары нашар отбасындағы ата-аналардың білімін көтеруге, жұ­­мысқа орналасуға, тұрмыстық мәселелерді шешуге арналған жағдайлар жасауға ықпал етеді. Мамандардың кеңесін ұйым­дастыру арқылы ата-аналарға балаларын қалай тәрбиелеу керектігіне байланысты кәсіби көмектер көрсетеді.

2719 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы