• Білім және ғылым
  • 14 Ақпан, 2019

Мерзімді басылымдар мұрағаты

Ұлттық рухани қазынаны сақтап, жинақтауда,  оқырман игілігіне бағыттауда  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының  мерзімді басылымдар қызметінің рөлі зор. Қазіргі таңда мерзімді басылым – бұл қоғамның барлық салаларында соңғы жаңалықтарды және жетістіктерді жедел жеткізетін ақпарат көзі.

Мерзімді басылымдар қызме­тіне күн сайын келетін оқырман­дарымыздың басым бөлігі тарихшылар, саясаттанушылар мен әлеу­меттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, магистранттар және белсенділік танытып, өз білімдерін толықтырып, ізденіп оқитын студенттер. Кітапхана заман ағымына сай дәстүрлі және электронды қызмет көрсетуде. Оқу залында Wi-Fi интернет желісі іске қосылған. Оқу залы оқырмандарға екі бағытта қызмет көрсетеді: ашық қордан мерзімді басылымдарға еркін таңдау жасау және оқырмандар кітап сақтау қорынан тапсырыс арқылы газет пен журналдарды алу. 1990 жылдан бастап ­Қазақ­стан ­Республикасы Ұлттық кітап­­ханасының кітап сақтау қызме­тіндегі мерзімді басылымдар бө­лімшесі журналдар мен газеттерді электронды каталогқа енгізе бастады. Ұлттық кітапхананың бүгінгі мүмкіндігін айтатын болсақ, жан-жақты әрі сапалы білім жинауға қажетті ақпараттар ағысы мен жаңа технологиялар жеткілікті. Осыған орай, кітапхана ісін жетілдіру мақсатында жаңа модульдегі «Web–РАБИС» бағдарламасының тапсырыс-ізденіс модулі бойынша кешенді жұмыстар іске асырылуда. Мерзімді басылымдар қызметінің пайдаланушылары электронды және дәстүрлі ақпараттық-библиографиялық, анықтамалық ресурстар негізінде осы аталған бағдарламаның «Қазақстан: өткені мен бүгіні» атты библиографиялық дерекқордан қажетті мақалаларға тақырыптық іздестіруге мүмкіндік алады. Әсіресе уақытты үнемдейді және қажетті ақпаратын жылдам ­тауып алуға көмектеседі. Жаңа үлгідегі бұл бағдарлама оқырман үшін өте қолайлы. Қазіргі уақытта технология әдістерін қолданудың тиімділігі өте зор. Мәдениет пен ғылым, білімнің ғасырында кітапхана ісі де жаңарып, жаңа технологиялар үрдісіне бейімделіп, қашан да сапалы білімнің қайнар көзі болып табылатын кітапхана қызметін пайдаланушылардың да сұраныстары күрделеніп, бұрынғыдан мазмұны мен бағдары түбегейлі өзгерген. Сондай-ақ оқу залдарында оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. Ұлттық кітапхана қорындағы журналдар ғылыми және публисти­калық көркем-әдеби журналдар болып бөлінеді. Қазіргі таңда Мерзім­ді басылымдар қызметінің оқу залындағы оқырмандар арасында көп сұралынатын және көп оқылатын журналдар: «Аль-пари», «Ақиқат», «Евразийское сообщество», «Казахстан в глобальных процессах»,­ ­«Казахстан Спектр», «Парасат», «Саясат Polys», «Эксперт Казахстан», «Қазақстан ғылымының жаңалықтары», «Мысль», «ADAM bol». Күнделікті оқырмандар үшін маңыздылығы жоғары және іздеп жүріп оқитын ғылыми-танымдық басылымдар: Жоғары оқу орындарының хабаршылары «Вестник ­академии ­педагогических наук Казахстана», «ҚР Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы», «Қазақстанның ғылымы мен өмірі», «ҚР Ұлттық ғылым академиясының ­хабарлары», әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің хабаршылары: география, биология, журналистика, заң, т.б. сериялары, «Тұран» университетінің хабаршысы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршылары, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық» университетінің хабаршысы, «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік» университетінің хабаршысы, «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік» университетінің ­хабаршысы, «Қарағанды» университетінің хабаршысы, міне, осылар оқырмандардың күн сайынғы ғылыми айналысында. Бүгінгі таңда кітапханада отандық және ресейлік газеттер мен журналдардың электрондық нұсқалары да оқырман назарына ұсынылады. Осыған орай, оқу залында оқырманның назарына отандық дерекқорлардан бөлек «East View», «e-LIBRARY.RU», «Science Direct», «Scopus», «Biblio Rossica» атты әлемдік электронды дерекқорлар ұсынылған. Бұл электронды дерекқорларда әлемдік ғылыми басылымдар мен әдеби-көркем журналдардың толық мәтіні берілген. Күнделікті кітапхана жұмысы барысында оқырман қауымды сан түрлі тақырыпты қамтып, газет-журналдарды оқуға тартумен қатар, өз ұлтының мәдениетін, тарихын, экономикасын білуге ұмтылдыру, ақпараттық мәдениетін өрістету кітапханашылардың басты мұраты. Осындай маңызды қызметте оқырмандарға мерзімді басылымдар жұмысын алға бастыруда және ­насихаттауда Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп айт­қандай бүгінгі күннің нағыз талабы мен қажеті екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.

Маржан Акбаева, ҚР Ұлттық кітапханасының Мерзімді басылымдар қызметінің топ жетекшісі

3050 рет

көрсетілді

405

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6143

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5677

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3418

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2799

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2763

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2740

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2471

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2456

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы