• Әдебиет
  • 02 Желтоқсан, 2010

Таза жоқ тат шықпайтын күмісінен...

Таза жоқ тат шықпайтын күмісінен, Өзінің әркім риза жүрісінен. Бір шаттық, бір қапалық екеуі егіз, Бірісі айырылмайды бірісінен.«Нені ексең, соны аларсың»деген нақыл, Таппай ма әркім өзі жүрісінен. Деп айтып: «Қатам жоқ-ау бір ісімнен, Баспаймыз қиянатқа, баспаймыз» деп Тағы да жаңылысады-ау күйісінен.

Біреуді білмесе адам жобалайды, Бақ көшсе ақылына қарамайды. Ісінен бір істеген жазым тапса, Болды деп сол дұшпаннан шамалайды. «Жазмыштан озмыш болмас» деген мысал, Бекер деп пікір айту жарамайды. «Алланың адам басы добы» деген, Қуса да қалай қарай домалайды. Болғанмен қанша күші тіреуленген, Адамның әрекеті құралмайды. Хадисі Аплатондай болса-дағы Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды. Көн қатса, қалыбына барып тұрар, Мінезін әдеттенген жия алмайды. Кәсімдеп қалыпсыздай желдей есіп, Кез келсе есекті де қуалайды. Ақыры қылған ісі алдына кеп, Ойланып сонда басын уқалайды. Ит білер сыйлағанды, надан білмес, Сөйлеген сөздің мәнін жаман білмес. Қабаған қанша арлан болғанменен Ас құйған атын атап адамға үрмес. Жаманның қарны тойып, қамписа іші, Анасын әлдилеген адам білмес. Бұларға қылсаң достық жаның ашып, Түсінбей тағы өзіңмен болар күндес. Осылай адамдардың әр түрі бар, Табандап жөн ісіңе, сірә, жүрмес. Дарымай қанша айтсаң да асыл сөздер, Айналып өз теңімен болар үндес. Осындай ел ішінде аз ба адамдар, Айтқанмен жөн ісіңді сөз деп білмес.

1654 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы