• Әдебиет
  • 20 Маусым, 2019

Он бағыт – ел игілігін арттыруды көздейді

Президенттік жұмысына ресми кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлықтау рәсімінде ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстарды ортаға салды. Өз сөзінде елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының түзелуі үшін бағыт-бағытпен жұмыс істеуге шақырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» құндылықтары, сыртқы саясат пен жастар мәселелерінің оң шешімін табу сияқты бағыттарды атап өтіп, негізгі жұмыс күшін осы арнаға бұратынын айтты. Жаңа Президент Қ.Тоқаев атап өткен бағыттардың ішінде төртінші және оныншы бағыттар – Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бері өзектілігін жоймай келе жатқан негізгі мәселелер. Яғни Мемлекет басшысы атап өткен төртінші бағыт – жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету. Бұл жөнінде Президент «Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен, келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет» деген болатын. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін шағын және орта кәсіпті дамытып, қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында орташа жалақыны көтеру – негізгі міндет болып табылады. Әзірге мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларына бірнеше пайыздан қосылғанымен, жеке мекемелерде жұмыс істейтін халықтың жалақысын да қадағалау керек. Ал оныншы бағыт – жастар мәселесінің оң шешімін табуы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда «Жастар – ел тірегі» арнаулы жобасы іске қосылып, жастардың бизнес бастамаларын қолдау шаралары қолға алынуда. Ол үшін арнайы «Жас кәсіпкер» жастар стартапы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Жастардың кәсіппен айналысуы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне тартылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Жастар жылында жастарға берілетін мүмкіндіктер мол, тек оны дұрыс іске асыруда мемлекеттік қадағалаулар қажет. Бұл мәселелер оң шешімін тауып жатса, Президент атаған он бағыттың қалған сегіз бағыты да дұрыс жолға қойылып, оң нәтиже берері сөзсіз.

Индира СӘТІМ

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы