• Әдебиет
  • 24 Қазан, 2019

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» проза байқауы жалғасады

Былтырдан бері республикалық «Жас Алаш» газетінде прозалық шығармаларға арналған «Қазақ пен қала» атты байқау ұйымдастырылып келеді. Осынау байқаудың мақсаты, мерзімі туралы аталған басылымның бөлім редакторы Бағашар Тұрсын­бай­ұлынан білген едік...

– Бағашар, байқаудың мақсаты мен тақырыптық ауқымы қандай? – Қазақ прозасындағы қала тақырыбына тереңдеу. Байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация, урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабыл­данады. Әсіресе, қазақ пен қала; тарих толқынындағы қала; бүгінгі қала тіршілігі; қаладағы жастар өмірі; қазақтың қалаға бейімделуі; урбанизация; қала мәдениеті; қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр», т.б.); қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі; ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі; қылмысты қала (детектив), т.б. тақырыпқа ерекше ден қойсақ деп отырмыз. – Былтырғы және биылғы байқау­дың ерекшелігі неде? – Дәл мен үшін ерекшелігі, былтыр Тұрсынжан Шапай, Дәурен Қуат, Расул Жұмалы ағаларымызбен қатар, байқаудың қазылар алқасы­ның мүшесі болғанмын. Ал биыл ұйымдастырушыларының қатарын­дамын. Биылғы бәйгені «Жас Алаш» газеті жеке ұйымдастырып отыр. Былтыр­ Алматы қаласының әкімдігі, «Алтын қалам» қоры мен Жазушылар одағы бірлесіп өткізген еді. Былтыр­ жүзден аса шығарма түсіп, қазақ проза­сына екі жаңа есімді ашты. Бірі – Темірлан Қылышбек, екіншісі – ­Жадыра Шамұратова. Бұйырса, биыл да сондай бәймәлім таланттарды ашсақ деген ниетіміз бар. Байқаудың бір мақсаты да – осы. – Екінші жыл өтіп жатқан проза­ байқауына шығарма қабылдаудың мерзімі, шарттары жөнінде айтып өтсеңіз... – Қатысушылардың өтініші бойынша­ шығарма қабылдау 25 қара­шаға дейін ұзартылды. Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениет­тің орталығы – Алматының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғын­дардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шығармаларын жолдауы керек. Бұл бәйге қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес. Прозалық шығарманың көлеміне Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) 25 беттен аспағаны жөн. Байқауға лақап атпен ұсынылған шығарма қабылданбайды және шығарма авторы­ суреті мен қысқаша өмірбаянын таныстырылым үшін жазып жіберуі шарт. Ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс және байқауға қатысушылардың жасы 45 жастан аспауы керек. Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала» байқауына қатысу үшін!» деп, zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдай алады. – Жеңімпаздарды кім және қандай критерийлер негізінде анықтайды? – Байқау жеңімпаздарын елімізге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушы­лардан құрылған қазылар алқасы анықтайды. Ұсынылған ­шы­ғар­ма­ларды бағалау кезінде олардың көркемдік деңгейінің жоғары болуы; қала прозасы жанрына­ қойылатын талаптарға сай болуы; қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі; әріптік және стильдік қателіктердің болмауы қатаң қадағаланады. Ал талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шығармалар іріктеуден өтпейді. Байқауға қатысушылар шығармасын компьютер­де теріп, электронды нұсқада тиісті мекенжайға жолдауы тиіс. Қатысушының аты-жөні,­ тұрғылықты мекенжайы, ­телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы­ қысқа­ша ақпаратты электронды­ нұсқада қоса жолдағаны жөн. Қорытынды ма­рапаттау­ рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау­ Алматы қаласында өтеді, алайда өзгерістер болса арнайы хабарлаймыз. Жеңімпаздар анықталған соң авторлар жеке хабарландырылады. – Аталған проза бәйгесінің жүлде қоры қандай? – 1-орын – 1 миллион теңге; 2-орын – 500 мың теңге; 3-орын – 300 мың теңге деп отырмыз. Одан бөлек екі ынталандыру жүлдесі (100 мың теңгеден) бар. Шығармасын пошта арқылы жіберем деушілерге мекенжайымызды да айтып өткім келеді. 050044, Алматы қаласы, Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе, Республикалық «Жас Алаш» газеті, байланыс телефондарымыз 8(727) 346-89-54. – Шығармалар «Жас Алаш газетінің сайтында да, газет нұсқасында да жария­лана ма? – Байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жазылған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілген өлшемге сәйкес, көлемі алты беттен аспайтын­ шы­ғар­малар газет бетіне, алты беттен асатын шығармалар газет сайтына­ ­жарияланып отырады. Бұл өз ке­зегінде қазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпал етеді. Ал байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газете жарияланған) барлық шығармалар ­жи­нақталып, прозалық жинақ шығады.

Қ.Серікқызы

1573 рет

көрсетілді

10

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы