• Тарих
  • 11 Наурыз, 2020

Тарихтан тіл қатқан

Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейде «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің ­алтын бесігі» атты көрме өтіп жатыр. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған көрменің басты мақсаты – музей қорындағы ХІІІ-ХІV ғасырға тән 300-ге жуық ұлттық құндылықтарымызды ел ­назарына ұсынып, тарихтың тереңіне бойлату, Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстыру. Мәселен, Алматы облысының Шеңгелді ауылы маңын­дағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIV ғасырдағы Шаға­тай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері жұртшылыққа алғаш рет ұсынылып отыр. «XIII-XIV ғасырдағы сарбаздың киімі, қару-жарағы», «XIII-XIV ғасырдағы Қазақстан аумағындағы алтынордалық қалалар», «Ұлы Жібек Жолы. Сауда. Импорт бұйымдары. Монеталар», «Діндер: тәңірлік, ислам, несториандық, зороастризм, буддизм», «XIII-XIV ғғ. Мінәжаттық діни ғимараттар сәулеті» атты бірнеше бөлімге бөлініп, рет-ретімен қойылыпты.Алғашқы бөлімде белдік әшекейлер, қару-жарақ, жебе ұштықтары, семсер, қылшан және т.б. артефактілер ұсынылса, одан кейінгі бөлімдерде Сарайшық, Отырар, Құйрықтөбе және т.б. қала, қалашықтардан табылған археологиялық жәдігерлер, Қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдарының әрқайсысы халқымыздың өткенінен сыр шертіп, ойға батырады. Құнды жәдігерлерімізге үңіліп, тарихтың айқын іздерін көргіңіз келсе, көрменің наурыз айының соңына дейін жалғасатынын еске саламыз.

Бағдагүл Балаубаева

1010 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы