• Әдебиет
  • 02 Шілде, 2020

«Бас» романы Берлиннен шықты

Менің Әкем, қазақтың қабырғалы жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Ш.Айтматов академия­сының академигі, «Парасат» орденінің иегері Рахымжан Отарбаевтың атышулы «Бас» романы Германия­ның Берлин қаласында басылып шықты.

Әкем өзі жоспарлап, Қазақстандағы Гетё институты Goete – Institut Kasachstan ұйымдастыруымен өткен екі апталық іссапары (ақпан, 2017) кезінде келіссөздер жүргізіп, келісімге қол қойып келген қос томдығының бірінші томы. Романды неміс тіліне аударған Әділбек Әлжанов. Неміс тарапынан Марио Пшеро ( Pschera Mario) өңдеп, баспаға дайындаған. Берлиннің «Dagueli» баспасынан оқырманға жол тартқан «Бас» Қазақстанның белді кітапханаларына келіп те үлгерді. Әкемнің қос томдығы бұған дейін Ресейдің Мәскеу қаласынан да «Восточный экспресс» баспасынан жарық көрген еді (2019). Ол істің басы-қасында әкемнің досы, жазушы Г.В.Пряхин жүрген. Рахымжан Отарбаев мұрасы қазақ әдебиетін әлемге дәріптеу жолы жалғасуда. Аталмыш баспадан Рахымжан Отарбаевқа дейін қазақтың Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұхтар Әуезов, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев сынды ақын-жазушылары жарық көрген.

Айжамал Рахымжанқызы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті

771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы