• Әдебиет
  • 16 Шілде, 2020

Журналист болғым келеді

Қазір бүкіл әлем коронавирус деп дүрлігуде. Өкінішке қарай, бұл кесел елімізді де айналып өтпеді. Қаншама адам көз жұмды. Еліміз бұрын-соңды болмаған сынаққа тап болды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, бұл қиындықтан аман-есен шығатынымызға сенемін.

Ең бастысы үмітімізді үзбейік. Биылғы жылдың мектеп түлегі ретінде айтарым, біз қатарлы жастар талабын шыңдап, жақсы мамандықты таңдап, еліміздің дамуына үлес қосса деймін. Осы тұрғыдан келгенде, мен журналист болғым келеді. Бұл менің бала кезден бергі арманым. Мемлекетіміздің осындай қиын шағында журналистердің жанкешті еңбегін көріп сүйсіндім. Күн-түн демей ақпарат саласының алдыңғы шебінде жүреді. Өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігеді. Десек те, олар мамандықтарына адал кәсіп иелері екенін байқатты. Журналистердің жұмысы оңай емес екенін түсіндім. Ол қажыр-қайратты, ерен еңбекті, талмай ізденуді қажет етеді. Сондықтан таңдаған кәсіптің қыр-сырын жан-жақты меңгерсем деймін. Қазақ журналистикасындағы алдыңғы толқын ағалар мен апайлардың ұлағатты жолын өз қатарластарыммен тізе қоса отырып, жалғастырғым келеді. Журналистика жаныма жақын мамандық болғаннан кейін күнделікті ақпараттармен, жаңалықтармен танысып отыруды әдетке айналдырдым. Заман талабына орай дамып келе жатқан «Абай кз», «Керекинфо.кз», «Бақ.кз», «Қазинформ» және өзге де ақпараттық сайттардың оқырманмен байланысы ұнайды. Сонымен қатар дәстүрлі басылымдарды, оның ішінде балалар мен жас өсіпірімдерге арналған «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» тәрізді газет-журналдарды мектеп қабырғасында жүргенде оқып, танысатынбыз. Қоғамда әр мамандықтың өз орны мен өз қадірі бар. Менің таңдауым – журналистика саласы болғаннан кейін, бағымды осы мамандықпен байланыстырып, сынап көргім келеді. Әзілхан Нұршайықов «Мен – журналистпін!» деп жазғандай, осынау қадірлі мамандыққа деген құрметім ерекше және арманыма қол жеткізіп жатсам, мәртебесін әрдайым жоғары ұстауға сүбелі еңбек етіп, талаптанамын.

Гүлназ ТҰРАБАЙ Талғар

1262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5811

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5480

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2544

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2277

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2259

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы