• Әдебиет
  • 23 Шілде, 2020

БЕЙБІТШІЛІКТІҢ ОРДАСЫ

Мен Қазақстан халқына және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қасиетті жерде бейбітшіліктің, достықтың және ұлтаралық келісімнің туы желбіреуде. Мұндай бірлік пен береке барлық елде жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Себебі, қазіргі қоғамның кейпі бәрімізге белгілі. Өзге тұрмақ өздері бір тудың астында бастары бірікпей жатқанда біздің Қазақстан қамқор анадай барлық перзентін құшағына теңдей басты. Біз осы үшін, жарқын болашақ үшін, мамыражай күн үшін қазақтың әр азаматына қарыздармыз. Бізге қиын-қыстау күндерде баспанасының төрін ұсынып, 1944 жылы 23 ақпанда Отанынан көшірілген ингуш ұлтына бүтін нанын бөліп, жарты нанын жарып берген қазақ халқына ризашылығымды білдіргім келеді. Көптеген отбасы қазақ халқының жанашырлығын көрді. Себебі, жат жерге келгенде заманның қиындығына, саясаттың қаталдығына қарамастан, алдындағысын бөліп, аузындағысын жырып берген дархан елдің алғаусыз пейілінің арқасында көп ел ұлтына, нәсіліне қарамастан қатарға қосылды. Жығылғанға жұдырық жасамай, керісінше, қолтығынан демей білу – тектілік, ал, қазақ халқы сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқан тарихында қалыптасқан осы бір мінезінен бүгінге дейін айныған жоқ. Жатты бауырына басып бауыр етті, алыстан арып-ашып жеткен елді құшағына қысып дос етті. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осындай адал достықты жоғары бағалап, ұрпаққа өнегелі істерді үйретті. Қазақ халқына талмас төзім мен шытынамас шыдам тілеймін. Біз татулықтың туын желбіреткен қазақтарға мәңгі қарыздармыз. Мені жарық дүниеге әкелген, жанашыр, мейірімді, қайырымды, адалдықты ту етер, еңбекқор жан болып өсуіме, қазақстандық патриотизм рухын асқақтатуға тәрбие берген ата-анама және барша қонақжай қазақ халқына ризамын. Аналық жүрегіммен алғыс қана айтамын. Өзіме берілген осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өлкеміздегі вайнахтардың жас ұрпағына: «Өз Отандарыңды, туған жерлеріңді сүйіңдер, оның ең басты байлығы – Қазақстан халқының достығын көздің қарашығындай сақтаңдар!» деген өсиет айтамын.

Асед ИБРАГИМОВА, Алматы облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары

621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы