• Руханият
  • 02 Маусым, 2022

«ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ» ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу, ұлттық тәрбие негізін қалыптастыру – өзектілігін жоғалтпай отырған мәселе. Осы орайда ұлттық ойындарымызды жаңғырту, халық қазынасында жатқан ойын фольклорын жас ұрпаққа таныстыру алдымызға қойылған үлкен міндет екені анық. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ­Фольклортану бөлімінен, жоба жетекшісі және идея авторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Кенжехан Матыжановтың басшылығымен «Ұлы дала ойындары» атты жинақ баспадан шықты. 

Бұл еңбекте тұңғыш рет ұлттық ойындар толық жинақталып отыр­ғанын айта кету керек. Жинақтың басты ерекшелігі, мұнда осы уақытқа дейін жарыққа шықпаған қолжазба қорындағы ойын үлгілері, әртүрлі басылымдардан жиналған мәтіндер өзара салыс­тырылып, іріктеліп, топтастырылды. Сонымен бірге шетелдегі қазақтар арасынан табылған және жарияланған ойындар да алғаш рет енгізіліп отыр. Өзге еңбектерден ерекшелігі, жинақ соңында әр ойынға ғылыми түсінік беріліп, бір ойынның бірнеше түрінің өзара айырмашылықтары сипатталған.

Расында ойын десе балалар ойындары мен ұлттық спорт ­ойындары ойға оралатыны белгілі. Бірақ, шын мәтінде, ұлттық ойын фольклорының ауқымы үлкен. Себебі халқымыздың сан ғасырлық өмір тәжірибесі мен таным-түсінігі көрініс тапқан рәсімдік ойындардың маңызы зор. Сонымен бірге халқымыздың ойының ұшқырлығын, қиялының кеңдігін, логикасының мықты­лы­ғын көрсететін қазақтың байырғы қара есептерін де топтастыруды жөн көрдік. Осылайша, жинақта ойын үлгілері рәсімдік ойындар, ұлттық спорт ойындары, ойын-сауық ойындары, балалар ойындары, интеллектуалдық ойындар деген тарауларға жіктелді. Рәсімдік ойындар бөлімінде көне салттық заңдылықтардың әр алуан сипаты көрсетілсе, ойын-сауық ойындарында көңіл көтеруге бағытталған ойын фольклорының үлгілері таныстырылады. Бір айта кетерлігі, ойын-сауық ойындарының басты мақсаты – көңіл көтеру ғана емес, жастарды ерлікке, өжеттілікке, батылдық пен шапшаңдыққа баулу. Балалар ойындары бөлімінде балаларға қатысты әдет-ғұрып, өлең жырлар, ойын-сауықтар жан-жақты сараланады. Ойын-өлеңдер мен балалар айтысына ерекше мән берілген. Ал интеллектуалдық ойындар бөлімінде фольклордың өзге жанрларымен үйлесе дамып, халық арасында ауызша ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан есеп үлгілері берілген. Қара есеп мазмұны фольклор жанрларының ішіндегі ертегі, мақал-мәтел үлгілерінің мазмұнымен үндесіп келеді де, соңғы шешімді белгілі бір логикаға бейімделіп аяқталады.

Ақбота ИСЛЯМБЕКОВА,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ филология

факультетінің докторанты

955 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9201

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7308

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5047

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4432

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4396

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4357

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4092

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4083

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы