• Руханият
  • 02 Маусым, 2022

БІШКЕКТЕГІ АБЫЗ АБАЙ

Әсел САРҚЫТ
«Ana tili»

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды. Қазақ-қырғыз қарым-қатынастары туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды. Осы сапар аясында Бішкекте Абайдың еңселі ескерткіші ашылды.

Мемлекет басшысы бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ре­тінде бағалап, Бішкек төрінде Абай ескерткішінің бой көтеруін қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметінің белгісі деп атап өтті.  Қасым-Жомарт Тоқаев осы игі бастамаға қолдау көрсеткені үшін Садыр Жапаровқа зор ризашылығын білдіріп, бұл қадам Алатаудың бөктерін қатар жайлаған екі елдің бауырластығын бекемдей түсетінін айтты.

«Ағайын елдердің тамыр­ластығын кезінде Абай да айтқан. Ұлы ақын қазақтың тарихына тоқталған кезде қырғыз бауырларды ерекше атап өткен. Ол «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Шын мәнінде, екі ұлттың тегі мен тілі бір, жүрегі мен тілегі бір. Айыр қалпақты ағайынға біздің ықыласымыз қашанда ерекше. Көп ұзамай елімізде Манас ескерткіші бой көтереді. Бұл есім қазақ арасында өте танымал. Әйгілі Манасқа құрметіміз ерекше. Манастану ғылымының негізін қалаған Шоқан Уәлиханов екенін еске салғым келеді. «Манас» жырының тағдыры тартысқа түскен кезде оған Мұхтар Әуезов араша түскенін білеміз», – деді Қазақстан Президенті.

Садыр Жапаров Абай ескерткіші ашылған күн қырғыз-қазақ үшін маңызды күн екенін атап өтті. «Философ, гуманист тұлға, қазақ­тың ұлы ақыны Абайға Бішкек қаласында қойылған ескерткіш­тің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Екі елге ортақ тұлғаға дипломатиямыздың 30 жыл­дығы қарсаңында құрмет көрсетіліп отырғаны – ерекше оқиға. Жазда жайлауы, қыста қыстауы қоңсы қонған екі халықтың рухани әлемінің жақындығын Абай мен Тоқтоғұлдың, Мұхтар мен Шыңғыстың мұралары көрсетіп келеді. Абайдың 175 жылдығы кезінде Ұлттық кітапханадан арнайы мәдени бұрыш ашылғанын да еске салғым келеді. Біздің ­бауырлас қазақ халқымен достығымыз барлық салада дами беретініне сенемін», – деді Қырғызстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіштің ашылуына жиналған екі елдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.

Қоладан құйылған ескерткіштің авторы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Асқар Нартов.

Осы сапарында Қазақстан президенті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көр­сете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты. Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессор­лар құрамымен және ҚазҰУ-дің қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті.

 «Қырғызстан – құдай қосқан көрші, ең жақын одақтас. Шын мәнінде, біз – ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатқан бауырлас халықпыз. Биыл дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 30 жыл толып отыр. Осы уақытта ынтымағы­мыз барынша кеңіді, достығымыз нығая түсті», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар барысында екі ел үшін маңызды бірқатар мәселелердің түйінін тарқатып қайтты.

 

1176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9185

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7299

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5038

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4423

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4387

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4348

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4083

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4074

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы