• Қоғам
  • 14 Шілде, 2022

«ЖЕР АМАНАТЫ» ЖЕР МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕ МЕ?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері жер мәселесіне қатысты дау-дамай туындаған Алматыдағы бірқатар шағын ауданның тұрғындарымен кездесті.

Комиссияның көмегімен Бутаков ауданындағы 5 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Онда жойылуға шақ қалған алма бағы бар. Аманаттықтар биыл күзде жергілікті тұрғындармен бірге сен­білік өткізіп, алма ағашының жаңа кө­шет­терін отырғызуға дайын екенін жеткізді.

«Көптеген қалада, соның ішінде ­Алматыда, әсіресе таулы шағын аудандарда ретсіз, жүйесіз құрылыстарға қатысты түйт­кілді мәселелер бар. Бутаковтағы мәселе оң шешімін тауып келеді. Партия­ның көмегімен туып-өскен жерінің тағды­рына бейжай қарамайтын қарапайым тұрғын­дардың мәселелерін шешеміз. Бұл – атқарып жатқан жұмысымыздың аса маңызды аспектісі», – деді Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігінің Жер ресурстарын бас­қару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Таулы қырат шағын ауданының тұрғындары да осындай мәселелерге тап болған. Коттедж қалашығын тұрғызу үшін жаңа қожайындары 9 гектар жердегі ағаштарды отап тастағылары келеді. Қазір мұнда алма бағы орналасқан.

«1989 жылы әкем келісімшартта көрсетілгендей, бұл жерді кейін мұраға қалдыру құқығымен 49 жылға жалға алды. Мұнда бүкіл отбасымызбен бірге алма өсірумен айналысамыз. 1998 жылы Талғар ауданына тиесілі жерлерді Алматы облысынан Алматы қаласына беру туралы жарлық шықты. Осылайша бақшамыз қала аумағында қалып қойды. Белгісіз себептермен жер учаскесінің иесі өзгерді. Яғни бізді бақшамызбен, құрылыс ­нысандарымызбен бірге сатып жіберді. Сол уақыттан бері әділдікке қол жеткізуге тырысып келеміз», – дейді жергілікті тұрғын ­Шаяхмет ­Хамраев.

Осы учаскені берудің барлық мән-жайын анықтау жұмысы «Жер аманаты» комиссиясының шешімімен қалалық жер ресурстарын басқару департаментіне жүктеледі.

«Бір ай бұрын Шаяхмет Хамраев маған кеңес алуға келді. Оның материалдарын зерттедім. Бұл сирек алма ағаштары сақталған жалғыз бақ деп айта аламын. Қазір мұнда Хамраевтар отбасы мен «Ермесай» ЖШС-ның учаскесі бар. Хамраевтар бұл учаскені Талғар ауданы тұсында алды. Әкімнің қаулысы да, куәлігі де бар», – деп атап өтті комиссия мүшесі, заңгер Бақытжан Базарбек.

Іс-шараға қатысушылар бұрын Каменский үстірті ауылы орналасқан Медеу ауданы тұрғындарының шағымдарын тыңдады. 2014 жылы бұл жер қала аумағына қосылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалаға қосылғаннан бері проблемалар басталған.

«Ақ қайың» шипажайынан жоғары барлық беткей ұсақ учаскелерге бөлінген. Бір кездері мұның бәрі шаруа қожалы­ғының аумағы болған еді. Сосын қандай да бір «ғажайып» жағдаймен бұл жердің барлығы жеке меншікке өтті. Ең қор­қыныштысы – қазір салынып жатқан құ­рылыс нысандары кез келген уақытта құлап қалуы мүмкін. Беткейлерді нығайту үшін арнайы бақтар отырғызылды. Осылайша ауыл шаруашылығын жолға қойып, қаланың символы – апорт өсірдік. Кез келген уақытта осы коттедждердің үйінділері  астында қаламыз ба деген қорқынышта өмір сүріп жүрміз», – дейді жергілікті тұрғын Василиса Қуанышева.

Комиссия мүшелері тұрғындарды жағдайды жөнге келтіру үшін барлық шара қабылданатынына сендірді.

«Осы жер учаскелерінің қалайша жеке меншікке өтіп кеткенін анықтау қажет. Оның үстіне бұл учаскелер Іле-Алатау Ұлттық паркімен шектеседі. Алайда парк аумағына 2 шақырым қашықтықта ешқандай құрылыс нысандарын тұрғызуға тыйым салынғаны белгілі. Нақты шара қабылданады. Жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін заңсыз, ретсіз құрылыс жұмыстары тоқтатылуы тиіс», – деді комиссия төрағасы, партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.    

Аманаттықтар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті аумағында белсенділермен және қоғам қайраткер­лері­мен кездесті. Заңсыз берілген 1,09 га жер сот шешімімен университет меншігіне қай­тарылады. Бұған қоса, осы мәселе «Жер аманаты» комиссиясының бақылауына алынады.

«2017 жылы Есеп комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ иелігіндегі 1 гектар жер учаскесі жетіспеушілігін анықтады. Бұл жер 2017 жылы әкімдіктің қаулысымен иеліктен шығарылған. Осы заңсыздық анықталды. Ұйғарым бар, мерзімі аяқталды, сондықтан қайтадан сотқа береміз», – дейді Бақытжан Базарбек.

Жер мәселесін жедел шешу үшін қазақстандықтар бүгіннен бастап барлық заң бұзу фактілері туралы «AMANAT» партиясының «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефоны арқылы хабарлай алады.

Өтінімдер WhatsApp арқылы да +77008004441 нөмірі бойынша қабылданады.

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9148

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7280

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5020

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4404

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4369

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4329

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4063

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4056

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы