• Әдебиет
  • 30 Наурыз, 2011

Маңғыстау - киелі мекенім

d0b1d0b5d0bad0b5d182-d0b0d182d0b0Алланың сүйген құлы боп...

“Бiле бiлсең шапағаты барларың, Сүйген құлы боларың Һақ Алланың”. (Құран. 3-сүре, 141-аят) Бекет бала Медреседе шәкiрт едi үлгiлi. (Болған жоқ-ты әлi, әлi қазағының қасиетi, дүлдүлi) Сабақтан соң... бос кезде Шәкiрттерiн жинады Ұстаз бiр күнi. Салқын түскен мезгiл күзгi маусым-ды. Есiктерiн талай үйлер қаусырды. Дедi ұстаз: “...отын терiп келiңдер, Медреседе ертеңгi отын таусылды”. Торғайлардай дүр ете ұшқан топтала, Тоғайлыққа кеттi енiп көп бала. Қарсы алдында қарағай ма, қайың ба, Жұлды, шапты, жоқ ешқайсы тоқтаған. Сиреп қалды әлгi тоғай қап-қалың, Тонаттырып көк бұтағын-мақпалын. Мақтанышпен ұстазының алдына, Төгiп жатты шәкiрттер Шапқаны мен тапқанын. Отырғанда бәрi ұяға кеп қонып, Мақтаныштың сөзi ауызға кептелiп. Бәрi келген, бәрi келген тек қана, Шыққаны ғой Бекет бала жоқ болып. – Қайда? – Қайда? – Бекет бала қайда жүр? – Мүмкiн бiлмей адасумен сайда жүр. – Далалық қой отын мәнiн түсiнбей, Тезек iздеп жайылымдағы қойда жүр. Айтып жатты әртүрлi сөз әр талап, Әрқайсында алысқа ұшпақ бар қанат. Осы кезде Қу томар мен қу томаштан тұратын, Келдi Бекет бiр арқа отын арқалап... – Балам, неге кешiктiң? – деп сұрады Ұстаз. – Сенiмен бiрге кеткен өзге шәкiрттер отындық ағаштарын мана әкелдi... – Ұлағатты Ұстазым! – дедi Бекет бала қолын жүрегiнiң тұсына қойып иiлiп тұрып. – Ұлағатты Ұстазым, шөпшек пен томаш теруден үлгерiп келгенiм осы... Бекеттiң сөзiне шәкiрттер ду күлдi. – Тоғайдағы қарағай, қайың, тал-теректi көрмегенi ғой... – Жә, балаларым, сабыр етiңдер, мен Бекетпен әңгiме-дүкен құрып отырмын, – деп шәкiрттерiнiң шуылын тыныштандырған Ұстаз сауалдасып отырған балаға қайта бұрылды. – Иә, мына құрбыларың айтқандай, тоғайлықтағы самсап өскен ағаштардың бұтақтары жетпедi ме? – О, Ұлағатты Ұстазым! – дедi Бекет. – Ол ағаштарды отауды бiлдiм, бiрақ қолым бара бергенде көк жапырақ жайған әлгi бұтақтардың жанарларынан жас парлап: – Бiздiң өмiрiмiздi көктей солдырмаңыз, аяңыз, мейiрiмдi адамзат, – деп тұрды. Тiрлiк иелерiн өз қолыммен өлтiруге қимай, бо­йында жаны жоқ қуарған томашаларды ғана отындыққа терем деп кешiгiп қалдым. Ұстаз ләм-мим деместен Бекет баланың жауабына көңiлi толған сезiммен орнына отыруға ишара жасады. Бүгiн, мiне, Сезе бiлген Бекет бала далалық, Жоғалды да мейiрiмдiлiк, даналық. Теңiз кеуiп, орман бiткен оталып, Айуандықпен жатыр бәрi тоналып. Көркiм қайда бұзылмаған қаймағы? Тонап бiткен қайдағы мен жайдағы. Тонап бiткен, қазiргi елiм атауы – “Экологиялық апат аймағы”. Запыранды төкпей, сiрә, тоқтаман, Көп күнәдан қалай адам ақталар? Қасиеттi қайран Бекет Атам-ай, Жапырақты жұлуға да батпаған. Адамзатқа алда апат, қауiп тұр, Шомылмасақ Алла Нұры жауып бiр. Тiлейтiнiм сенен, Ұлы Әулием, Ұрпағыңның жанын жаман кеселден Сауықтыр!!! Хақ алдында жалбарыншы, Ардағым, Мынау едi есiл-дертiм, Арманым: “Өмiр сүру жұмыр жердiң үстiнде, Бiз де сүйген құлы болып Алланың”. Ән Бұл ауыл Бесқала асқан қалашыларды ұзақ күттi. Еш хабар болмады. Күдiктенушiлер де көбейдi. – Аман-есен болса игi едi. – Жолда ұры-қарыға тоналмай дегендей... Күздiң кенеттен суытқанынан қауiптенген ауыл ақсақалы Қалмырза тосын байлам жасады. – Ертең таң рауандап келе жатқанда қыстауға көшемiз. Жинақталыңдар. Аман ердiң аты шығады, – деген. Шағын ауыл көш қамына кiрiстi. “Жер жөргектей боп бiттi алашұбар, Құс та қайта бастады даласынан. Екi ай өттi, несi екен кешiккенi, Кешiккенi! Япыр-ау, қалашылар? Жау алардай мiнi жоқ жарағында, Жiгiттерi татитын дара мыңға. Келе жатар соңынан, Ертең ерте, Көштiң басын түзеңдер Қарақұмға”. Сыйлайды ауыл сиынып жақсы атаны, Беделi асып шырқаған жақсы атағы. Бiрi – жарын, Бiрi ұлын күтсе-дағы, Шештi осылай ауылдың ақсақалы. ...Елден ерте сол таңда тұрды келiн, Шелегiн ап желiге жүрдi келiн. Кенет, кенет бозiнген бауырынан, Ұққандай бiр алапат сырды керiм. Түндiгiн Ата жатқан ақбоз үйдiң, Шалқасынан айқара түрдi келiн... Тосын оқиға болды. Жұрт не iстерiн бiлмей аңтарылды. Кешегi Атаның рәсiмi бойынша көш басын Қарақұмға түзеуi керек едi. Ал мынау... Ақсақалдың ақбоз үйiнiң түндiгi сыпырылудың орнына ашылып қалды... Ақсақал орнынан тұрып, дәрет-суын алып, таңғы намазға бас қойғалы жатқанда, кенет түндiк жаңа туған әсем айдың қиығындай болып сәулелендi. Ақсақал ақбоз үйден сыртқа шықты. Өзiнiң үйiнен өзге үйлердiң бiрiнiң түндiгi сыпырылып, бiрiнiң уықтары алынғалы жатыр. Ал... Желi жақтан шелек толы сүтiн алып келе жатқан жас келiнге көзi түстi. Шелегiн жерге қойып, Келiн Атаға иi­лiп сәлем еттi. Сосын сояудай қара кiрпiк кө­те­рiлмей бiраз тұрып, аялы жанарын жарқ еткiзiп: – Ата! – дедi. – Иә, балам! – Ата, бүгiн, иә, бүгiн көшпей-ақ еру болсаңыз. Өйткенi қалашылар... балаңыз келе жатыр. – Оны қайдан бiлдiң? – Балаңыздың жаңа ғана салған әнiн естiдiм... Ақсақалдың миығына күлкi үйiрiлдi. Кенже келiнiнiң батылдығына әрi жақсы ырымына риза болды. Сосын түйелердi қомдап жатқан жiгiттерге: – Бүгiн ерумiз, қалашыларды күтелiк, – дедi. Бастамасын, мейлi, елдiң әскерiн, Күйеуiнде болмайтын-ды әсте мiн. Ақбоз iнген бауырында тұрғанда, Рас, Рас. Естiдi үнiн жас Келiн. Соның дауысы, соның дауысы, дәл соның, Мүмкiн емес, мүмкiн емес жаңсақ үн. Келiп-ақ тұр сөзi де анық құлаққа: “Сәулем, сенi, сәулем, сенi аңсадым!” Көп iшiнде жалғыз өзi қылаң-ды, Шөп iшiнде дара өсетiн ыраң-ды. Жиын-тойда домбыраны ап үкiлi, Жиi айтатын, жиi айтатын бұл әндi. Сәске болды, жоқ қалашы, қалашы, “Көш тоқтатқан”... көбейдi елдiң таласы. Қысылайын дедi ендi жас келiн: “Менiң ерiм, ал олардың баласы, Менiң ғана сол әндi Естуiмдi қарашы”. “Бай қызы едi шашбау, моншақ тағынған, Жарлы Атасы болды соған жағынған. Ерке келiн көштi жолдан қалдырды, Сағынған соң, байын әбден сағынған”. Деген сөздер шығып жатты әр тұстан, Ағайын ғой бiрiн күндеп, тартысқан, Түс кезi едi, кенет керуен көрiндi, Сонау-сонау түлкiсi мол Ор тұстан... Таппай жүрген азаматтар мiгiрдi, “Қалашы”, – деп бәрi солай жүгiрдi. Ал жас келiн жанарынан бақыт жасын бiр сығып, Амалсыздан ақбоз үйде кiдiрдi. Көптен күткен қалашылармен қауышып, ауыл мәре-сәре болды. – Бүгiн көшкелi жатыр едiк! – Егер көшсек, орнымызды сипап қалады екенсiңдер! – Айтпақшы, көштi тоқтатқан – Жиде келiн. – Иә, сол. – Қалай? – Ол... келiн... таңсәрiде күйеуiнiң дауысын естiптi. – Дұрыс. Ауылға жеткiмiз келiп, түнiмен қонбай жүрдiк. Таң алдында бәрiмiздi ұйқы қысты. Сонда ұйқыашар болсын деп ән салғанмын. – Дауысыңды әйелiң түстiк жерден естiген сенде арман бар ма, жiгiтiм! – ?!. Айтуар Өтегенов

8716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы