• Тұлға
  • 25 Тамыз, 2022

Шаханов поэзиясының шырайы – ұлт

Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына сәйкес Алматы қаласында әл-Фараби атындағы №145 –  жалпы білім беретін мектепте «Мұхтар Шаханов поэзиясының алтын қазығы – ұлт» атты іс-шара өтті.  Іс-шараның шымылдығын Айдос Тәбиев мырза ашып, жыр кешінің маңыздылығын түсіндіре келе сахна төріне мектеп директоры Бейбіткүл ­Таубекованы шақырды. Бейбіткүл Ясынқызы Мұхтар ақынға шын пейілмен, пәк көңілмен ізгі тілек білдірді.

Кешегінің ерлері ұл-қыздары үшін қан мен тер төксе, бейбіт күннің өрендері олар үшін жыр төкпек. Бірінен соң бірі шығып, жауқазын жүректері атқақтап, үндері саңқылдап, ойын салқын, бойын тік ұстап, әр шумақтан ыстық ықыласының лебі есуде. Әне, Сағи Молдағұл «Жігерлендіруді» рухтанып, Хадиша Калиакбар «Арманды» қанаттанып, Кәусар Смағұл «Бақыт геометриясын» пайымдап, Аружан Нұрғали «Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жанған алауын» әсерлене жеткізді-ақ. Тағы бір қарасаң, құлақ сап мұқият тыңдасаң,  Абзал Аман­тайдың «Төрт ананы» тізбектеуін, Ақнұр Еркінбектің «Туған жерге оралуын», Саяжан Рафхатқызының «Мен саған ғашық едімін», Еңлік Бейсенбектің «Әке», ұстаз Ардақ Калиакбарованың «Алғаш­қы махаббатқа хатын» естисің де тамсанасың. Осынау өлең жолдары Мұхтар Шахановтың талантын айқындай түскендей.

Қазекем шаттық шапағына бөленсе де, қабырғасы сөгілсе де домбыраны жанынан ешуақ тастамаған, күй әуенінен жалыққан емес. Дінмұхамбет Жақсымбет, Ислам Сейдували, Жаннұр Орынбасар, Аяулым Дүйсекова көңіл қылын шертіп, қайсыбір көрерменнің жан сырын қос ішекпен тап басты. Одан тысқары Әйгерім Ошанованың орындауындағы «Асыл жарым» әні, сыңғырлаған нәзік дауыстың әр секундты қымбат минутқа құбылтар, мезетте ғасырлық ардақтыңды еске оралтар құдіретіне қайран қаласың.

Ақыры сөз кезегі Мұхтар ағаның өзіне тиді. Дінмұхамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов және тағы басқа тұлғалармен дәм-тұздас, қажет десеңіз шын дос болған. Өр тұлғалы ақын дәстүрге сай ақындық, азаматтық ұстанымын танытатын өлеңін оқи кетті:

«Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.

Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі» деп, оқушы қауымды өлең-жырларымен сусындатты. 

Соңына таман Мұхтар ақынмен ақ дастарқанда қатар отыруымызға мүмкіндік туды. Іштей шүкіршілік еттік. Рас, күн райы да сол шақта тым жайма-шуақ еді. Мерейлі тойға орай табиғат та мейірін төккен болар…

Аружан АҒЫБАЕВА,

әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ,

журналистика факультетінің

2-курс студенті

1428 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы