• Руханият
  • 08 Қыркүйек, 2022

«АБАЙДЫҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРДІ»

Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері мен ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтар Қазақстанның РФ-дағы елшілігімен бірлесіп, көрнекті қазақ ағартушысы, ғалым, публицист, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің шымылдығын ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ха­лықаралық қатынастар ма­гистрі Бағдад Әлімханқызы Ахмет Байтұрсынұлы мұралары мен еңбек­терін сақтаудың маңызын атап өтті.

«Оның баға жетпес құнды мұралары біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі сақталады. Бұл – тек міндет қана емес, сонымен қатар әрқайсымыз үшін жоғары құрмет. Бүгін біз тарихымызда терең із қалдырған көрнекті қайраткерлердің бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуын атап өтудеміз», – деді Б.Әлімханқызы.

Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының доценті Талғат Мықтыбаев Ахмет Байтұрсынұлының педагогика, әдебиет және саяси қызметтің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

«Бүгін біз қазақ әліпбиін жасау­шының мұрасын жан-жақты қарас­тырдық, оның бірқатар шы­ғар­маларын оқыдық. Оның әдебиеттегі «Абайтану» деп аталатын бағыттың негізін қалаушы болғанын ұмытпауымыз керек. Ол алғашқылардың бірі болып Абайдың философ, ағартушы ретіндегі мәртебесін көтерді», – деп атап өтті ғалым.

Т.Мықтыбаев Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері ­Бай­тұрсынұлын еске алуға арналған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұратынын айтты.

«Жақында біз қазақ ағартушысының ұрпақтарымен және жерлестерімен кездесіп, оның Ресейде болған кезеңін зерттеуге көмектестік. Сонымен қатар біз Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған шығармашылық кеш өткіздік, сондай-ақ оның ағартушылық идеяларын шетелде дәріптеуге тырысамыз», – деді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті ағартушының өмірбаянынан алынған қызықты деректермен бөлісті, оның өмірі мен қызметі туралы деректі фильмді тамашалады.

Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінің, жазудың дамуындағы ағартушының рөлін және оның өз елінің саяси және мәдени өміріндегі ықпалын тал­қылады.

Өз тілшімізден

 

706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8798

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7078

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4821

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4207

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4171

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4130

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3861

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3860

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы