• Тіл
  • 06 Қазан, 2022

«АНА СҮТІ БОЙ ӨСІРЕДІ, АНА ТІЛІ ОЙ ӨСІРЕДІ»

Қазақ тілін үйренгісі келетін барша азаматтарға қазіргі таңда ешқандай кедергі жоқ. Тек мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшыныс, талпыныс болса жетіп жатыр. Бұл сөзіме дәлел ретінде қазіргі уақытта ана тіліміздің контентін арттыруға бағытталған және қазақ тілін үйрететін түрлі сайттарға деген сұраныстың артқанынан-ақ байқауға болады. Осы мақсатта жұмыс жасап жатқан әртүрлі сайттар, мобильді қосымшалар әрі қарай жетілдіріліп, азаматтардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне мол мүмкіндіктер қарастырылған.

Еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған түрлі шаралар іске асырылып, қарқынды жүзеге асуда. Әрине, бұл тұрғыда республика көлеміндегі Тіл сарайлары мен Тілдерді дамыту басқармалары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың қомақты екендігін мойындаған жөн.

Сонымен қоса, аталған мекемелер тарапынан ұйымдастырылатын түрлі мемлекеттік тілдегі байқаулар да тіл мәртебесінің артуына ерекше ықпал етуде. Осыдан-ақ, қазақ тілінің мәртебесінің анағұрлым артқанын байқауға болады. Бұл – көңіл қуантарлық жәйт. Бүгінгі күні еліміздегі қалаларда орналасқан түрлі плакаттардағы қазақ тілінде жазылған мәтіндердің қателері де азайғанын байқауға болады.

Мемлекеттік тіл мәртебесінің артқанын мынадай жай ғана мысалдардан да аңғаруға болады. Өзім Алматы облысына қарасты, Балқаш ауданының тумасымын. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің студентімін. Бұған дейін біраз жылдар «Балқаш өңірі» газетінде қызмет еттім.

«Еңбектің наны тәтті» демекші, жұмыс жасап жүргенімде кез келген адам секілді менде айлық еңбекақымды алуға асығатынмын. Иә, еңбекақымызды біреулеріміз қолма-қол ақшамен пошта торабынан алса, ал енді біріміз жалақы карточкасынан, яғни арнайы банкоматтар арқылы аламыз. Міне, менде өз жалақымды алуға барғанда басқа азаматтардың жалақы алып жатқанына куә болған едім. Әңгіменің астарында не айтқым келді? Мен секілді басқа да қызметкерлердің банкомат бетінен қазақ тілінде ақпарат алуды таңдағанын көргенде ерекше күйге енемін. Өйткені осы бір жай ғана мысал мемлекеттік тілге деген сұраныстың артқанына дәлел.

Алматы – армандар қаласы. Бұл қалаға еліміздің түкпір-түкпірінен сан мыңдаған жастарды үлкен арман жетелейді. Жалпы, жастардың ана тілге деген құлшынысының артуына ең әуелі ақ сүтін берген анасы, одан кейін тәрбие берген отбасы және ең соңында жүрген ортасының ықпалы зор. Яғни бұл алып қалада орналасқан азық-түлік дүкендеріндегі сатушылар, түрлі ойын-сауық орталығындағы қызметкерлер, тіпті күзетшілердің де жастардың ана тіліне деген құлшынысын арттыруға үлес қосатыны анық. Олай дейтінім, осындай қоғамдық жерлерде қызмет ететін түрлі өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде жауап қайтарғанында немесе мемлекеттік тілде әңгіме өрбіте бастағанында кез-келген жастың ой-санасындағы қазақ тілге деген құрметі одан әрі арта түсетіні анық.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ойымызды мемлекеттік тілде дамытып, қазақша сөйлеп, қазақ тілін құметтейік. Өйткені қазақ тілі – халқымыздың ұлттық болмысынан бастап түсінік беретін халқымыздың баға жетпес байлығы, басты қазынасы.

Алтынай СЕЙТКЕН,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

журналистика факультетінің 2 курс студенті

 

1979 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6817

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6021

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3760

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3148

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3106

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3082

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2810

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2795

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы