• Ақпарат
  • 06 Қазан, 2022

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің студенттері жолдауды талқылады

Еліміздің жаңа оқу жылымен қатар келген  Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда жаңа, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі кезекті қадамдар белгіленді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалардан кейін Қазақстан халқына  жолдауы әділетті қоғам құрудағы нақты қадам болды. Жолдау өте ауқымды әрі барлық саланы дерлік қамтып, нақты мақсатты көрсеткіштермен қамтылған.Жолдауда қарастырылған бес бағдар: экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп бәрі жалпы күн тәртібінен туындаған ел сұранысына жауап ретінде болды.Бесінші бағдарда мемлекет басшысы заңға енгізілу керек жайттарды атап өтті. «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн», деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, қазылар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек.
«Сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет», деп толықтырды.
    Президент мандатының  ұзақтығын 7 жылдық мерзіммен шектеуді және Мәжілістің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды. Қаңтар оқиғасына  қатысқандарға да тоқталып,бірреттік рақымшылық таныту жөнінде айтып, ел бірлігі ауадай қажет екенін айқындап берді. Қоғамдық қауіпсіздікті қолға алу мәселесі өзекті тұста, отбасындағы зорлық-зомбылықты да талдап зерделеу, қолға алу, бүкіл қоғам, тұтас ұлт болып күресу  міндеті алдымызда тұр.Осыған орай тиісті органдардың қызметіне адал болуын да атап өтті.
     Жоғарыда аталып өткен мемлекет басшысы жолдауын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студеттері мен магистранттары талқылап өтті.Олардың сөзімен ойымызды қорытындылай кетсек,Президент Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз атауына сай болды. Мемлекет басшысы елеп өткен, еліміздің еңселі, дамыған елдермен тең дәрежеге жеткізу мақсатында ұсынған іргелі жобалары бізге терең ой салды, үлкен жауапкершілік жүктеді. Жаңа жаһандық үдерістің әлемге жайылуы біздің мемлекет үшін де болашаққа бағдар жасап, өз бағдарламасын бекітуді қажет етеді. Заманға сәйкес жаңғыру бүгінде барша мемлекеттің алдында тұрған міндет. Екі дәуір тоғысқан сындарлы кезеңде ұлттық негізімізді сақтай отыра, түбегейлі өзгерістер мен рухани өркендеудің, баянды болашаққа нақты қадам жасаудың тарихи мүмкіндігін Мемлекет басшысы айрықша анықтап, халыққа жолдады. Шын мәнісінде, біздің ел береке-бірліктегі қоғамды нығайту керек екенін бәріміз де жақсы түсінеміз.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Жанибеков А.К Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,Phd докторы

  Дүзбаева С.Б Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,Phd докторы

Сүйінбек Арманхан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты

2245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6732

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5979

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3718

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3107

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3063

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3040

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2769

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2754

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы