• Ақпарат
  • 10 Қазан, 2022

ҚазҰУ – кемелдікке жеткізетін білім және ғылым ордасы

Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматыға арман қуып, білім іздеп  келген жастарға кеңінен құшағын жайып қарсы алатын қара шаңырақ  –ҚазҰУ. Талай қазақ баласына өмірлік азық болатын білім қорын беріп, төрткүл дүниемен теңдесе алатындай бәсекеге қабілетті мамандар даярлап  шығаруда еліміздің ең үздік оқу орны. Әлемдік стандартқа сай үш тілде білім беретін оқу орны мемлекетке қажетті барлық салалар бойынша кәсіби  біліктілігі жоғары мамандар даярлайды
Білім, ғылым және инновацияларды үйлестіретін классикалық көпсалалы университет бола отырып, ҚазҰУ еліміздегі ғылыми жобалар мен жарияланымдар саны бойынша көшбасшы болып саналады. Рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым университетке тиесілі.
    Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 37 мамандық бойынша бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет құрамында 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк бар.
     Біздің университет жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, Қазақ ұлттық университетінің даңқын әлемге одан әрі паш ететін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жатқанына кәміл сенімдімін. ҚазҰУ түлектері әлемнің қыр-сырын ашып, елімізді жарқын да ашық болашаққа жетелейді деп нық сеніммен айта аламын. Білім мен ғылым салаларында алған кәсіби тәжірибелері негізінде әлі де әлемді таң қалдыратын талай жаңалықтар ашып, университетіміздің туын көкке жеткізеді деп санаймын. 
     Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университетіміз гуманитарлық, жаратылыстану жəне техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. ҚазҰУ білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тəрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

Тлепбергенов О.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға-оқытушысы
Түгелбай Н.Е.
Мустафина Ф.А.
Заң факультетінің "Ел-тұтқа"клубының студенттері

1931 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6562

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5895

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3636

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3022

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2983

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2959

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2688

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2673

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы