• Ақпарат
  • 03 Қараша, 2022

ҚазҰУ - ғылым мен мәдениеттің көшбасшысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университеті еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады. Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы-қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің бірігуімен жүзеге асады.Университетте білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің өзіндік нормалары бар. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейін сақтайды. ҚазҰУ-Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыларының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің,адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚазҰУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі әрі бірегейі.Әрбір білім ошағының мақсаты болары анық.Біздің университеттің басты мақсаты-еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.    Күннен күнге жаңашылдығы артқан қоғамда ұлттық университетіміз қарқынды дамуда.Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті де даму сатысына өзіндік үлесін қосуда. Факультет  дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын арттырып,білікті мамандар санын көбейтуде. Факультет миссиясы-қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін саясаттану,философия саласында кәсіби құзыреттілікке ие, көзқарастар мен құндылықтарға сай жаңа буындағы мамандар қалыптастыру,мықты кадр дайындау. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі саясаттану және философия мамандары,сол қажеттілікті ескере отырып болашақ осы саланың қызметкерлеріне басқару психология пәнін қарқынды түрде түсіндірудеміз.Басқару психологиясы- тұлға болып қалыптасуда,өзін-өзі жетілдіруде,дамытуда белсенді түрде көмек береді.Басқару психологиясының басты міндеті-жұмысты тиімді атқару,жұмыс барысының сапасын арттыру мақсатында психологиялық жағдайлар және басқару қызметтерінің талдауы болып табылады.Басқару психологиясы-басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі.
     Философия және саясаттану факультеті білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады. Университетіміз  сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы,талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. Қара шаңырақ атанған ҚаЗҰУ - студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан-жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамуға толық жағдай жасалған.  Қорытындылай келе,университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.

Калымбетова Эльмира Кенесовна ,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті,психология ғылымдарының кандитаты

Баймолдина Лаура Оразбековна ,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, психология ғылымдарының PhD докторы

930 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9193

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7305

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5044

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4429

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4393

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4354

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4089

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4080

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы