• Ақпарат
  • 11 Қараша, 2022

Ел тұтастығы-бірлікте

1 қыркүйек – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдауда Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім мен ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Президент Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз атауына сай болды. Мемлекет басшысы елеп өткен, еліміздің еңселі, дамыған елдермен тең дәрежеге жеткізу мақсатында ұсынған іргелі жобалары бізге терең ой салды, үлкен жауапкершілік жүктеді. 
    Жолдауда мемлекет басшысы 20 қараша күнін еліміз үшін маңызды қадам болатын сайлауды өткізу жөнінде айтып өтті. "Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім.Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады" - деді Қ.К.Тоқаев.
    Сайлау елімізді біріктіруге бағытталған. Жаңа жаһандық үдерістің әлемге жайылуы біздің мемлекет үшін де болашаққа бағдар жасап, өз бағдарламасын бекітуді қажет етеді. Заманға сәйкес жаңғыру бүгінде барша мемлекеттің алдында тұрған міндет. Екі дәуір тоғысқан сындарлы кезеңде ұлттық негізімізді сақтай отыра, түбегейлі өзгерістер мен рухани өркендеудің, баянды болашаққа нақты қадам екенін білеміз. Сондықтан да саяси маңызы зор оқиғаға дайындық қызу үстінде. Сайлауға түсетін кандидаттардың тізімі бүгінде нақтыланды. Айта кетерлігі, орталық сайлау комиссиясының хаттамасында кандидаттың лингвистикалық комиссияның мемлекеттік тілді меңгеруі туралы талаптың қойылуы өте орынды. Бұл мемлекетімізде қазақ тілінің деңгейін арттыруды, құжаттарды қазақ тілінде жүргізуді, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаппай мемлекеттік тілге құрметпен қарауын көздейді. 
    Еліміз үшін атаулы оқиғадан халық әл-ауқатын, материалдық жағдайын, білімін көтеретін, елдің бірлігі мен татулығын ойлайтын, ел еңсесін көтерер Жаңа Қазақстанды құратын президент сайланатынына сенім мол. Биыл өтіп жатқан Президент сайлауы елімізге ерекше серпіліс әкеледі деп ойлаймын.Тарихи оқиға саналатын алдағы өтетін сайлауды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студенттерімен талқылап өттік.Ой бөлісу барысында шәкірттеріміз пікірлерін еркін білдірді.Алдағы уақытта болатын сайлау- бейбітшілік пен тұрақтылық мемлекеттің басты құндылығы екенін айқын түсіндіретін қадам болады.Біз ел үмітін ақтауға дайын кандидаттардың ұсынып отырған Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болатын сындарлы саясаттары мемлекетімізді түрлі қиындықтан алып шығатынына, жарқын болашаққа жол салатынына ерекше сенім артамыз деп ойларын ашық айтты.
Отансүйгіш азамат ретінде сайлауға белсене қатысатындарын, әрі дауыс беруге шақыратындарын айтып өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының PhD докторы М.Е. Акболатова,
және докторант А.Ж. Муратова

1579 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6064

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5637

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3377

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2758

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2722

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2698

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2430

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2416

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы