• Ақпарат
  • 08 Желтоқсан, 2022

Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, шығыстанушы ғалым, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің  75 жылдығы аталып өтті. Алдымен «Әл-Фараби» кітапханасында «Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры» ашылды.  Тарихи бөлемеде білім алушы жастар үшін арнайы ертедегі кітаптар мен ғалымдар жазған қолжазбалар қойылған. 

Салтантты жиын «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасты. 
Шараға ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақ­стан Мұсылмандары діни бас­қар­масының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Әбсаттар Дербісәлінің жары Рафия Бәкірқызы мен ұрпақтары, Түркия, Ресей, Мысыр, Иордания, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран мемлекеттерінің елшілері мен консулдары, дін саласының қызметкерлері, ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушы жастар қатысты. 
Конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түй­мебаев ашып, академик Шейх Әбсаттар Дербісәлінің өмір жолына тоқталды. 
«Әбсаттар Бағысбайұлы артына бай ғылыми мұра қалдырып, шығыстану, дінтану саласында өзіндік дара жолын қалыптастырды. ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, дипломат, мемлекет, қоғам және дін қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Ғалымның діни қайраткерлігі мен ғылыми еңбектері елімізбен қатар, ислам әлемінде жоғары бағаланып, мойындалды», – деді Жансейіт Түймебаев. 
Сонымен қатар білім ордасының басшысы өз сөзінде Әбсаттар Бағысбайұлының оқу-ағартушылық қызметі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыс-ты екенін жеткізді. 
«Әбсаттар Бағысбайұлының ҚазҰУ-да Араб бөлімі мен Шығыс тілдері кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңге­рушісі және деканы болды.Тілдер және халықаралық қатынастар бойынша проректор қызметін атқарды. Академик Әбсаттар Дербісәлі университетімізге Әбу Насыр әл-Фарабидің атын беру жолында көп еңбек сіңірді. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі атанды. Арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі ретінде ғылымға терең бойлап, монографиялар мен құнды еңбектер жазды», – деді ректор. 
Пленарлық отырыста ҚР Парла­менті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшім­баевтың, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хаттары оқылды. 
«Әбсаттар Дербісәлі Қазақстан Мұсылмадары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти ретінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің нығаюына зор еңбек сіңірді. Ғалымның еңбектері ислам әлемі үшін құны жоғары. Ел үшін аянбай еңбек еткен тұлғаның парасат пен тағылымды өмірін кеңінен дәріптеу баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы тұрғыда бүгінгі шараның маңызы зор», – делінген Парламент Сенаты­ның Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатында.
Сонымен қатар Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады. Ол өз сөзінде академик Әбсаттар Бағысбайұлының келуімен ҚМДБ жаңа кезеңге аяқ басқанын жеткізді.
«Әбсаттар қажы Дербісәлі саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнаған ғалым. Өзіне жүктелген дін басы қызметін абыроймен атқарды. Мәселен, дін саласында құжаттандыру, іс-қағаздарын жүргізу мәселесін ретке келтірді. Отандық дін мамандарын даярлауға баса көңіл бөліп, 2001 жылы «Нұр-Мүбарак» Египет-Ислам мәдениеті университетін ашты. Қазіргі таңда аталмыш білім ордасы діни жоғары білімді, білікті мамандар даярлайтын оқу орнына айналды. Сондай-ақ еліміздің тоғыз аймағынан тоғыз медресе, бір қарилар дайындайтын орталық ашты», – деді Бас Мүфти Нау-рызбай Тағанұлы. 
Өз кезегінде «Нұр-Мүбарак» Египет-Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед аш-Шахат Абдулхамид Мұхаммед әл-Джинди, Әбсаттар Дербісәлінің жары, ҚР Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген ардагері Рафия Бәкірқызы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. 
Жиын барысында ҚазҰУ-дың Шы­ғыс­тану факультетінде «Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісха­на­ның» салтантты ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар ғалымның ғылыми еңбек­тері жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті. 
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы секцияларда жалғасты.

Н.Бейсембаева

1656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7723

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6467

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4213

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3596

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3557

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3522

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3252

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3243

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы