• Тұлға
  • 18 Қаңтар, 2024

Ұлты барда ұмытылмайды

Орныңды өзге тұлға толтырар ма,
Енді мәңгі жатарсың Отырарда.
Өзіңді қазақ мәңгі ұмытпайды,
Жүректе рух пенен оты барда.

Осы бір шумақ өлең 11-қаңтар күні Өмірзақ Айтбаевты Ұлттық ғылым академиясының ғимараты Ғалымдар үйінен  Отырарға шығарып салып, қоштасып жатқанда ойыма оралып еді. 

Өзбекәлі Жәнібеков, Өмірзақ Айтбаев Отырар топырағында туып, қайтадан сол қасиетті топыраққа оралып, барған жұрттың тағзым етіп, зиярат қылатын абызына айналған тарихи тұлға болғаны ақаиқат. 
Академик Өмірзақ ағаның 80 жылдық мерейтойы­на қатысқаным да есімде. Ғалым профессор Құлбек Ергөбек сол тойды басқарып еді. Есімде қалғаны, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ғылымда жүрген іні-достарыңыз сіз туралы  өрелі, тағлымды, қимастық рәуіште тілек айтты. Сіздің ғылымнан бөлек сазгер, әнші екеніңізді Ғалымдар үйінде жеке ән кешін өткізгеніңізде бір-ақ білдім. Сегіз қырлы, бір сырлы, жігіттің сұлтаны болғаныңызды естіп, қуандым. 
Реті келгенде біздің үйдің дастарханынан да дәм татып едіңіз. Жарқын бейнеңізді суретке түсіріп алып едік. Ерекше көңіл күйде отырып айтқан әңгімелеріңізді еліте отырып тыңдағанбыз. Міне, сізді көргенім де қас-қағым сәт болды. Аз көрдік, терең сырласа алмадық. Қуанатыным, бүкіл қазақ деген ұлттың ана тілін құрметтей білетін арқа сүйер азаматы болдыңыз. 
Жүректі баурап алар әндеріңіз қандай сырлы, сазды еді. Ағаның сазгерлігі шын мәнінде керемет. Ғалымның «Жар сілемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Ақ қоян», «Өренім» және тағы басқа көптеген әндері жұртшылыққа белгілі. 
Өмірзақ Айтбаевтың бүкіл тыныс-тіршілігі тілмен тікелей байланысты. Президент Өмірзақ аға өмірден өткенде көңіл айтты. Үшбу жеделхатын жолдады. 
 «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті қызметін атқарған ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы талай игі істердің ұйытқысы болды. Азаматтық айқын ұстанымымен, қажырлы еңбегімен тіл және терминология, мәдениет пен руханият салаларының өсіп-өркендеуіне атсалысты. Ел-жұрттың құрметіне бөленіп, соңына көптеген ғылыми еңбек пен лайықты шәкірттерін қалдырды. Өмірзақ Айтбайұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін» делінген жеделхатта.
Ол 1959–1962 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің əәдеби қызметкері, 1962–1974 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974–1981 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1981–1989 жылдары институттың терминология және аударма теориясы бөлімінің меңгерушісі, 1973 жылы «Ғылыми терминологиялық орталықтың» директоры, Министрлер кеңесі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі және ғылыми хатшысы қызметтерін атқарды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамында 1989 жылдан бері вице-президент, 2004 жылдан бері президент болды.
Ғалым тіл білімінің аудармадағы фразеологизмдер, қазақ терминологиясы мәселелері, терминді аудару, әдеби терминологиялық лексика тақырыптары бойынша көп еңбек жазды.
Ол «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүрген тұста Өмірзақ Айтбайұлының басшылығымен бірқатар ұжымдық кітаптар («Қазақ терминологиясының мәселелері». «Ғылым», Алматы, 1981; «Термин және олардың аудармалары». «Ғылым», Алматы, 1990, 12 б.т.) баспадан жарық көрді.
Академик Өмірзақ Айтбайұлы – 550-ден астам ғылыми еңбектің, 21 кітап пен монографияның авторы. «Қазақ терминологиясының жасалу көздері», «Қазақ әдеби терминологиялық лексикасының дамуы», «Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелері», «Терминологиялық сөздіктер, әдістемелік құралдар жасау», «Қазақ терминологиясының мәселелері», «Термин және олардың аудармалары» сынды күрделі ғылыми тақырыптарға жетекшілік етті. 
Өмірзақ Айтбайұлы 2004 жылдан бастап халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамына жетекшілік етті. «Тіл туралы» заңның орындалуына белсене атсалысты.
Артында атқарған ісі қалды. Оның қазақ тіл ғылымында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. «Қазақ тілі» қоғамы құрылғанда «Ана тілі» газетінің жарыққа шығуына көп еңбек сіңірді.
Өмірзақ ағаның өмірден кеткеніне де үш жыл өтіпті-ау. Өтіп бара бара жатқан уақыт. Тіршілік жалғасып жатыр. Бірақ бір нәрсе анық, академик Айтбаевтың атқарған ісі ұлты барда ешуақытта ұмытылмайды.

Өскенбай Құлатайұлы
 

577 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6434

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5831

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3573

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2958

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2918

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2894

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2625

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2609

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы