• Тұлға
  • 25 Қаңтар, 2024

Қастеев қазынасы

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,

«Ana tili»

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме ашылды. Ә.Қас­теев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан 300-ден астам көркем және графикалық туынды қойылды.

Кезінде басқа республикалармен бірлес­кен тәжірибе алмасу шаралары ұйымдас­тырылып, Қазақстанға әртүрлі делегациялар келетін дәстүр болған. Сол кезеңнің бірінде суретші Әбілхан Қастеевке колхоздың еңбек көрінісін салу туралы тапсырма беріледі. Ол қант қызылшасымен аты шыққан колхозды, еңбеккерлерді бейнелеген, үлкен көлемдегі картинаны салып шығады. Өкінішке қарай, бұл картинаның түпнұсқасы жоғалып кеткен. 
Суретшінің атақты картинасының бірі —  Амангелді Имановтың портреті. Қастеев Амангелді батырдың бірнеше портретін салған. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі болған Амангелді Имановтың шынайы бейнесін тарихта қалдыру мақсатымен республика үкіметі тарапынан арнайы сайыс ұйымдастырылады.

Оған таңдаулы қылқалам шеберлері қатысады. Қастеев те сол тапсырма аясында 1939 жылы Торғай өңіріне аттанып, Амангелдінің ауылын, жүрген жерін аралайды, көз көрген адамдармен, сарбаздарымен сұқбаттасады. Түр-пішін, тұлғасын сұрап біліп, кескіндеп, талай этюд-нобайды жасап шығарады. Алайда анфас және профильмен салынған алғашқы нұсқалары ойдағыдай шықпайды. 
Ақыры көрме үшін 1943 жылы салынған жартылай анфас нұсқа іріктеліпті. Мұнда Амангелді тұрған кейпінде бейнеленген, артында мылтығы, алдында дүрбісі мен семсері көрінеді, оң қолында қамшысы бар. Осы көрмені үкімет басшылары келіп көрді. Әбілхан ауыл-елдегі Амангелдінің ағайын, туыстары, серіктері дән риза болғаннан кейінгі портретті бәйгеге қосты. Амангелді Имановтың үзеңгілес серігі, революционер Әліби Жангелдин бұл портретке ықыласы ауып, ұзақ қарап, батырмен жүздескендей сезімде болады. 
Алайда Амангелді портретінің ең танымал нұсқасы 1950 жылы салынып бітеді. Мұнда халық батыры көтерілісшілер лагерінде отыр, қолында арабша жазылған қағазы бар. Ол алысқа көз тастап, алдағы уақытта болатын шайқастың жоспарын құрып отырған іспетті. Қастеев оны байсалды, салмақты, терең ойлы етіп көрсете білді.


Бұл бейнені ірілетіп әрі байытып қойған тағы бір сурет — Қастеевтің 1970 жылы салған «Амангелді сарбаздары». Мұнда Амангелді салт атты етіліп бейнеленген, артқы фонда соңынан ерген жүздеген сарбаздар көрінеді.
Талантты суретшінің 1942 жылы Алматыда алғашқы жеке көрмесі өтті, оған 143 туынды қойылды. 1944 жылы Амангелді Имановтың бейнесін қынап бетіне түсіргені үшін республикада алғаш рет Қазақ КСР Халық суретшісі атағына ие болды.


Қастеевтің тағы бір танымал туындысы — «Түрксіб», ол 1969 жылы салынған. Алғашқы еңбек жолын ол осы Түрксіб теміржол құрылысында жер қазушы ретінде бастаған. Қазақ даласына келген жаңашылдық, замандастарының темір жолға деген алғашқы көзқарасы, дархан даланың тылсым үні бәрі-бәрі оның жан дүниесіне өшпестей із қалдыр­ғаны анық. Сол құрылыстың нәтижесін бейнелеу үшін Қастеев алдымен 1932 жылы акварельмен салынған нобайды дайындап шығарады. Онда адырлы жермен көрермен жаққа ұмтылған пойыз бен түйе үстінде оның жүрісін бақылап отырған бақташы бейнеленген. Бұл шағын ғана сурет және қарапайым техникада салынған.
Ал 1969 жылғы сурет — Қастеевтің ең танымал туындыларының бірі. Оның өлшемдері 149х197 см, майлы бояумен салынған. Екеуін салыстырсақ, суретшінің шығармашылық эволюциясы айқын көрінеді, сондай-ақ мазмұнның күрделеніп, жаңа бейнелермен байытылып шыққаны байқалады. Егер акварельдік нобайда жалғыз ғана адамды көрсек, кейінгі суретте ауыл бойымен өткен пойызды талай жұрт қарсы алып жатқанын байқайсыз.
Қастеевтің шығармашылық мұрасында портрет жанры маңызды орын алады. Ол Ш.Уәлихановтың, Ж.Жабаевтың, А.Имановтың, Ғ.Мұратбаевтың портреттерін салды. 1950–1960 жылдары «Жаңа Қазақстан», «Қазақстан жерінде», «Қазақстан байлығы», «Қазақстан жері мен адамдары» сияқты бірнеше акварельдік циклдар құрды.
Демек, Қастеев салған қазыналық картиналар өлмейді. Ол халқымен бірге мәңгі жасай береді.

 

Азаматтың суреттері

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6389

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5811

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3553

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2936

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2896

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2874

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2605

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2589

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы