• Ақпарат
  • 04 Сәуір, 2024

ТЕЛЕХИКАЯТТА ӨМІР БАР...

2023 жылдан бері Алматыдағы КТК телеарнасы өзбек телехикаяттарын көрсетіп жүр. Мен солардың ішінде «Өткен күндер» және «Қара гүлдер» деген екеуін көрдім. Екі хикаяттың атауы да бейнелі, образды қойылған. «Өткен күндер» – бүгінгі өмірімізде күнделікті болып жататын, басымыздан өтіп жататын оқиғалар, ал «Қара гүлдер» – түрлі себеппен түрме дәмін татып жүрген әйелдер өміріне арналған, яғни үсік шалып, қарайып кеткен гүлдер тағдыры. Маған ең ұнағаны – өзбек ағайындар (режиссер, сценарист т.б.), кейбір жердегіше, замана қарқынына ілесіп, балдыр-батпақ, шалдыр-шатпақ тобырлық даңғазаны қызықтауды мақсат етпей, әр фильмге саналы көрерменді ойландыратын өмірдің, қоғамның, адамның мәселелерін арқау етіп алған. Сол арқылы өмірде болатын, болып жатқан жақсы мен жаманның бәрін көз алдыдан өткізеді. Сөйтіп, адамның (көрерменнің) өз іс-әрекетіне, ішкі ой-пиғылына өзінің сын көзімен қарауына ықпал етеді. 

 

Хикаяттардың екінші ерекшелігі – осы мәселелерді ашық та ащы сын, өткір сатира түрінде емес, бірақ діттеген жеріне жеткізе алатын мағыналы да жеңіл юмор арқылы көрсете білген. Екі фильмде де көрініс табатын бұл ерекшелік хикаяттардың өзіндік көркемдік тәсіліне арналған. 
Үшінші ерекшелік – хикаяттардың тәрбиелік миссиясы. Атап айтқанда, «дәстүр» бойынша «жағымсыз» кейіпкерлер фильмнің соңында қателігін, кемшілігін мойындап, түзу жолға түсіп отырады және бұл жағдай жасанды емес, нанымды шығады. Бұл ұстаным әсіресе «Өткен күндерде» жиі қолданылады. Ал «Қара гүлдерде» түрмеде де адамгершілігін жоғалтпаған әйелдерді жиі көреміз. Фильмде әйелдерді («қара гүлдерді») қылмыс жасауға итермелейтін себептер де ашылып, көрерменге ой салып отырады. Мысалы, біреудің астыртын арандатуына ұшырап, жазықсыз сотталған немесе опасыз күйеуінен кек қайтару үшін қылмысқа барғандар т.с.с. Дегенмен авторлар заңның әділеттігін көрсету керек екенін де ұмытпайды – жазықсыз сотталғандардың кейбірі кейін ақталып шығып жатады, бұдан заңға, әділетке сену идеясы туады.
Аталған қос хикаяттың композициялық құрылымында да ұқсастық бар. Олардың әрқайсысы кейіпкерлері өзге жеке фильмдерден тұрады. Солардың барлығын біртұтастыққа біріктіріп тұратын идея хикаяттардың тақырыбынан табылады: «Өткен күндер», «Қара гүлдер». Бөлек-бөлек фильмдерден ортақ тақырып (идея) аясында телехикаят құрастыру – осы жанр өндірісіндегі шығармашылық жаңалық шығар деп ойлаймын. Өйткені мұндай тәсілді басқа елдердің телехикаяттарынан көрген емеспін. Өз басым артистердің атаққұмарлығын да, ақшақұмарлығын да ұнатпаймын. Кейбір артистердің кіріспейтін фильмі, ойнамайтын рөлі жоқ: хан да – сол, қара да – сол. Бірақ бұл көзқарасты, мысалы, өзбектің «Өткен күндер» телехикаятына қолдануға мүлде болмайды. Хикаят бөлек-бөлек көптеген жеке фильмдерден тұрғанымен, соның бәрі бір идеядағы ортақ тақырыпқа біріктірілгендіктен, бір ғана артистің хикаят ішіндегі бірнеше фильмде ойнауы – табыс қана емес, режиссер тарапынан қолданылған тапқырлық (!) деп бағалануға лайық. 
Ең соңында айтарым: өзбек телехикаяттарының артистері (актриса, актерлер) өз рөлін тиісті деңгейде өте сәтті алып шығады. Жалпы, кейбір ішінара жерлерді айтпағанда, артистік өнер бүкіл әлемде өзінің максимумына көтерілген мамандық деп ойлаймын. Кейбір көптеген адамдар «телесериал көрмейміз» дейді, көрмейді де. Менің ойымша, телехикаят – халықтарды, ұлттарды жақындастыратын өнер. Мысалы, мен түрік телехикаяттарын көріп жүргенде, «қазаққа ең жақыны – түріктер екен» деп ойлаушы едім. Өзбек телехикаяттарын көрген соң, «өзбек деген – қазақтың өзі екен ғой» деген ойға келдім. Енді ұмытып бара жатқан бір ойымды айта кетейін. Әлгі өзім мақтаған телехикаяттардың көбінде мотивациясыз жалған, жасанды ситуацияға құрылған эпизодтар жиі ұшырасады. Ал мен көрген жоғарыдағы екі хикаятта бұл жағдай атымен жоқ. 

Ғұсман ЖАНДЫБАЕВ, 
ақын 

640 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6022

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5615

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3353

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2736

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2699

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2675

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2408

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2393

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы