• Ақпарат
  • 04 Сәуір, 2024

«Сөзден нақты іске: Адалдық – асыл қасиет»

Алматыдағы Жазушылар одағында «Сөзден нақты іске: Адалдық – асыл қасиет» тақырыбымен Президенттің Атырауда өткізген құрылтайы кең көлемде талқыланды. Оған елге танымал тұлғалар, Жазушылар одағына мүше ақын-жазушылар, баспасөз өкілдері, ұйғыр және орыс әдеби бірлестіктерінің жетекшілері, басқа да БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиынды ашқан Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов: «Адалдық – қазақтың өмір бойы кейінгі ұрпағына беріп келе жатқан тәрбиесі. «Біреудің ала жібін аттама» дегенді қазақ қана айтқан. Адал өмір сүрмей, қоғамды алға жылжыту – өте қиын іс. Қазақ сыбайлас жемқорлықтан арылса, онда қоғам тазарады деп ойлаймын», – деп сөз бастады. Басқосу еркін сипатта өтті. Жиында экономика, әдебиет, руханият, кітап шығару, аударма ісі сияқты келелі істер талқыланды. 
Жиынға Смағұл Елубай, Кәдірбек Сегізбай, Қансейіт Әбдезұлы, Нұрдәулет Ақыш, Жұмабай Құлиев, Мырзан Кенжебаев, Қуат Қайранбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әміржан Қосанов, Мөлдір Райымбек сынды белгілі ақын-жазушылар қатысты. Сондай-ақ Қали Сәрсенбай, Қуандық Түменбай, Әмірхан Меңдеке, Әрмиябек Сағындықұлы, Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасарлары Бауыржан Жақып, Нұржан Қуантайұлы, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибекұлы, Бейбіт Сарыбай, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, «Простор» журналының бас редакторы Фархат Тамендаровтар өз ойын ортаға салып, басқосудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. 
– Құрылтайдың қажеттілігі сөзсіз. Өйткені қордаланып қалған түйін аз емес. Біріншіден, тура бізге қатысы бар ынтымақ, бірлік туралы жақсы айтылды. Кейбір ағаларымыз өзара айтысуды доғармай келеді. Мұның ел бірлігіне еш пайдасы жоқ. «Адал азамат – адал қоғам» деген ұғым бар. Біз қазір осы ұғымнан ажырап қалдық. Мұны түбегейлі өзгерту қажет. Президент жалғыз, біз көппіз. Мұны ылғи да ойлауымыз керек. Адалдық бар жерде ғана ізгі қоғам құрылады, – деді жазушы Смағұл Елубай.
Ал әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш: «Ұлттық құндылықтарға баса назар аударуымыз керек. Мысалы, «рухани жаңғыру» мұрасын қайта жаңғырту керек. Бұл Президент айтып отырған рухани құндылықтарға тікелей қатысты. Ішінде көп нәрсе бар. Басқаша бір атпен осыны қайтадан қолға алу керек. Екінші айтарым – тарихымызға қатысты мәселе.Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арнайы жоба жасап, кітап шығарып жатыр. Бірақ осыған ұлтқа, қазаққа жаны ашитын зиялы қауымның өкілі араласуға құқылы», – деп өз ойын ортаға салды. Әдебиеттанушы Көкшетауда өтетін құрылтайды Ботай мекенінде өткізген жөн деп санайды. Өйткені ол жер 5 мың жыл бұрын жылқы асыраған қазақтың өмір салтын, тарихымыздың тым тереңдігін әрі мәдениетіміздің тамаша үлгісін көрсетеді,
Одан бөлек зиялы қауым өкілдері елдігіміз үшін айрықша орын алатын сала кітап және баспа ісі, қазақ әдебиетінің бүгінгі дамуы, туған тіліміздің қазіргі жай-күйі, ұлттық кодымыздан адаспай, мәдениетімізді өміршеңдендіру және ондағы туындаған мәселелерді шешу жолы туралы айтты. Алға мақсат қойылып, қолға алар шаралар жоспарланды.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ

643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6108

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5660

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3401

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2782

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2745

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2721

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2453

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2439

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы