• Ақпарат
  • 11 Сәуір, 2024

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»

Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музейінің ауласына гүл егілді. Оған ақын Ұлықбек Есдәулет, әнші-сазгер Қадырғали Көбентай, «Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған актер Байғали Есенәлі және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.  


– Алматы бәрімізге арман сыйлаған көркем қала ғой. Біз көрген уақытта шаһар қандай әдемі болса, сол шырайлы қалпында ұрпаққа табыстау – бүгінгі міндетіміз. Жақсылыққа жақсылық жасауымыз керек қой! Студент болған уақытымызда А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жүдеп-жадап тұрған кезін де көрдік. Мінеки, қазір көркейді. Енді тарихи орынның айналасы жайнап тұрса, керемет көз тартады емес пе? Сондықтан бас қосып отырмыз. Ұйым­дастырған азаматтарға мың да бір рақмет. «Ұлт ұстазы – Ахмет», «Оян, қазақ!», «Ә. Марғұлан» киноларында Ахметтің  рөлін сомдадым. 2021 жылы осы Ахмет рөлімен «Жыл актері» атандым. Халықтың үлкен ықыласына ие болған фильм болды. Бұл музей – менің екінші үйім десем де болады. Сол Ахаңның рөліне дайындық барысында бұл жерге қона жатпасам да, ылғи осы жерде болдым», – деген актер Байғали Есенәлі  жүрек толқынысын бөлісті. 
Ал ақын Ұлықбек Есдәулет те «Бүгінгі болып жатқан іс-шараны Наурыз мерекесі аясындағы, соның бағдарламасына кіретін игілікті іс деп есептеймін. Өйткені «Алматы – біздің ортақ үйіміз» деген атпен сенбілік жариялау – Наурыздың рухындағы нәрсе. Бәрі жаңарып, арықтар аршылып, ағаштар әктеліп, қоқыстан тазартылып, жаңа күнге аяқ басып жатырмыз. Мұндағы ескерткіштер де сүртіліп, Ахаңның үйі, ауласы бір жаңарып қалғандай. Бұл жиынның маңызы өте зор», – деп музей-үйінде өткен іс-шара ұрпаққа үлгі боларлық іс екенін жеткізді.
Бұл ізгі іс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен музейде өндірістік тәжірибеде жүрген «Ахметтану» оқу орталығында тағылымдамадан өтіп жатқан Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне де үлгі болғандай. 
Ал жиын соңы сазды бағдарламаға жалғасып, күйші Толғанай Қасенова күйден шашу шашты. Әнші Ділназ Бердалиева ән шырқады. «High sсhoоl» мектебінің өнерлі өрендері күмбірлі күйімен көгалдандыру жұмысына қатысқан қонақтарға шабыт сыйлады.
Іс-шара соңында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова барша қатысушыларға алғыс білдірді. Ал музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы-ғалым Райхан Имаханбет қатысушыларға жазушы Дидар Амантайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мұраты, болмыс философиясы» атты кітабы мен өзінің «Ғасыр саңлағы» әдеби туындысын сыйға тартты. 

Э.ЫБЫРАЙҚЫЗЫ

91 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6734

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5980

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3719

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3109

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3064

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3041

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2770

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2755

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы