• Ақпарат
  • 11 Сәуір, 2024

Қазақтың ұлттық ойыны Колумбияда да танымал

Адамның ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейтін ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ – мұхиттың арғы жағында да танымал спорт түрі. Осы зияткерлік ойынды Латын Америкасына алғаш рет Оскар Фахардо есімді азамат таныс­тырған көрінеді.

 

Ол тоғызқұмалақ туралы тұңғыш рет 2005 жылы білгеннен кейін, оның ережесін интернет арқылы меңгеріп алған. Сосын, ағаш шеберіне тоғызқұмалақ тақтасын жасатып та алыпты. 
2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғаннан бастап Оскар Фахардо Колумбия атынан бірнеше халықаралық сайысқа қатысып, жүлдегер де атанды. 
«Бұл ойында мені қатты қызықтырғаны – тұздық ережесі. Қарсыластың отауын иемденіп алатын осы бір ерекшелік ойынды нағыз стратегиялық майданға айналдырады. Сондай-ақ Орталық Азия халықтарының мәдениетімен танысудың тың жолы болғандықтан әрі жеке федерациясы бар салмақты ойын түрі болған соң қызығушылығым арта берді», – дейді тоғыз­құмалақтан 200-ге жуық шәкірт тәрбиелеген Оскар Фахардо.
Тоғызқұмалақ ойнаумен 2019 жылдан бері айналысатын тағы бір колумбиялық азамат Херман Гонзалес ойынның зияткерлік құндылығын жоғары бағалайды. Қоғамдық кітапханадағы тоғызқұмалақ үйірмесіне жетекшілік ететін ол бұл ойынды оқытудың белсенді тәсілдерін қолданғысы келетінін айтты.
«Дәстүрлі оқытудағыдай, кітап, дәптермен шектелмей, зияткерлікті дамытатын ойындарды бағдарламаларымызға қосып жатырмыз. Өздері де қызыққан соң мен үйретуден жалыққан емеспін. Бұл олардың ойлау қабілетіне пайдалы. Шәкірттеріммен тоғызқұмалақтан Колумбия құрама командасына қосылып, түрлі жарыстарға қатысамыз. Балалар жүлдемен оралып жүр. Оскар Фахардо рекордын жаңартар мықтыларды тәрбиелеп жатырмыз», – деді ол.
Тоғызқұмалақ федерациясы – Ұлттық спорт қауымдастығының серіктесі. Қауымдастық құрамында «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

85 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6745

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5985

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3724

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3113

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3068

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3045

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2774

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2759

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы