• Ақпарат
  • 11 Сәуір, 2024

Теңге ілуге де тер төгу керек

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық аясында Шымкенттегі орталық ипподромда теңге ілуден II Азия Кубогі басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Тәжікстаннан келген спортшылар теңге ілудің үш стилі бойынша бақ сынайды.


Сайыстың ашылу салтанатына Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және жанкүйерлер, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде  Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 
– Биыл қыркүйек айында Астанада ҚР Президентінің бастамасымен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Бүгінгі Азия Кубогі – осы «Көшпелілер Олимпиадасы» алдындағы жауапты жарыстардың бірі. Теңге ілу спортының Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасына енуі, оның әлемдік деңгейде танымал болуына ықпал етеді, – деді Исламбек Салжанов.  
Жарыс алдында Исламбек Салжанов Теңге ілуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерімен кездесіп, оларға алдағы сайыстарда сәттілік тіледі.
II Азия Кубогіне 7 елден келген спортшылар қатысып жатыр, бұл теңге ілу спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды. Теңге ілу федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығымен бірлесіп, осы ұлттық спорт түрін халықаралық деңгейде дамыту бойынша тұрақты негізде ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, биыл Халықаралық теңге ілу федерациясын ашу көзделіп отыр.
Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыровтың айтуынша, осы Азия Кубогіне еліміздің үздік спортшылары қатысып жатыр. 
«Бұл жарыста ұлттық құрамамыздың спортшылары V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңындағы өз дайындығын көрсетеді. Ал шетелдік құрамалар Қазақстанның үздік спортшыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады», – деді федерация басшысы.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мегаполисте ұлттық спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалғанын, атап айтқанда, 2023 жылы халық­аралық деңгейдегі жаңа ипподром салынғанын, онда ұлттық спорт түрлері бойынша ірі жарыс­тар өткізілетінін атап өтті.
Жарысты барынша әділ бағалау үшін осы жолы теңге ілу спортының тарихында тұңғыш рет бейне қайталау жүйесі қолданылады. Сонымен қатар уақытты есептеу үшін арнайы лазер секундомер пайдаланылады.
 

65 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6811

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6018

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3757

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3145

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3103

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3079

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2807

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2792

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы