• Ақпарат
  • 18 Сәуір, 2024

Ақылгүлдің «Сағынышы»

Алматыдағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ұлағатты ұстаз, қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақылгүл Әбдіқайымованың «Сағыныш» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жинаққа автордың әр жылдары қалам тербеген сағынышқа толы естеліктері, әңгімелері, мақалалары топтастырылған.


Тегінде, мұғалім атаулы – жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, оларды өмір көшіне жетелеуші, тура жол көрсетуші қасиетті мамандық иесі емес пе?! Ағартушылық саласында көп жылдық тәжірибесі бар, қолына қалам алып, көрген-білгенін, ойға түйгенін қағаз бетіне түсіріп жүрген автор – сол қастер тұтар адал кәсіптің нағыз иесі.
Жинақта «Естеліктер» бөлімінің «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тарауында профессорлар Нығмет Ғабдуллин мен Серік Мақпыров, лингвист-ғалым Күлтай Бейсенбаева, білікті ұстаздар Есімхан Қанағатов пен Баграна Ошақбайқызы, жазушы-журналист Темірхан Момбекұлы-Түркістан, айтыс­кер ақын Есенқұл Жақыпбеков пен  жас жазушы Аягүл Мантай тағы басқалар жайында әдемі естеліктер, жан тебірентер толғаныстар енгізілген. Ал «Әулетім – дәулетім» тарауында автор өмірден өтіп кеткен ата-анасы, туған-туысы, бауырлары туралы толғана отырып, болашақ ұрпақ үшін аса зор мәнге ие ұлағатты ойын түйіндейді.
«Әңгімелер» бөліміндегі «Мұсылмандық әсте-әсте...», «Мен – қазақпын!», «Мектеп – кеме, білім – теңіз» тарауларында бірнеше әңгімесі оқырманға ой салары анық.
«Мақалалар» бөлімінде әр жылдары баспасөзде, әлеуметтік желілерде жарық көрген бір топ мақаласы топтас­тырылған. Әсіресе Кеңес oдағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллин туралы жазылған «Өзімнің жұлдызымды берем», «Ұлы даланың алып перзенті» мақалалары оқырманды ерлікке, ізгілікке, адамгершіліктің биік шыңына жетелейтіні анық. 
Кітап авторы бейне өзі араласқан адамның жақсылығын ұлықтауды перзенттік, ұстаздық, қаламгерлік, аналық, адамдық парызы, міндеті деп санайтындай. Кітаптағы кейбір шағын жазбалардың да көтерер жүгі ауыр, айтар ойы терең, мәні зор, мазмұны бай.
Жалпы, қаламгер-ұстаз Ақылгүл Сәрсенқызының тырнақалды туындысы –  «Сағыныш» жинағы жастарға, ұстаздарға, жалпы, ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын көпшілік қауымға арналады.
Тұсаукесер рәсімінде белгілі қаламгерлер Нағашыбек Қапалбекұлы, Нұрдәулет Ақыш, Темірхан Момбекұлы-Түркістан, Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің директоры Роза Сұраншиева және кітап авторының әріптестері мен шәкірттері жылы лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ Ақылгүл Сәрсенқызының әр жылдарда мектеп бітірген шәкірттері өлең оқып, ән салды. Түптеп келгенде, кітапты таныстыру іс-шарасын Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің ұжымы сәтті ұйымдастыра білді деуге болады.
Бір ерекшелігі – кітаптың алдыңғы бетінде көрсетілген QR-кодқа смартфонның камерасын жақындатқанда, телефонның бетіне сілтеме шығады. Сол сілтемені басып, естеліктер жазылған тұлғалардың суреттерін көруге болады.

Нұрила ОҢҒАРБЕКҚЫЗЫ, 
ҚРМУ студенті

49 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6221

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5717

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3456

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2837

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2801

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2779

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2510

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2495

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы