• Ақпарат
  • 25 Сәуір, 2024

Махаббат пен мұң

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,

«Ana tili»

немесе театрдағы Cемей тағдыры

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының қоржыны тағы бір жаңа қойылыммен толықты. Шығармашылық топ белгілі қаламгер Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты екі томдық романын сахна тілінде сөйлеткен. Режиссері – Алена Қабдышова. 
 

Бұл спектакль – академиялық театрда соңғы екі жылдан бері алғаш тұсауы кесілген туынды. Шығармашылық топ белгілі жазушы Сәуле Досжанның 2017 жылы жазылған «Қасірет пен тағдыр» атты екі томдық роман желісі бойынша сахналаған. Мұнда жастар арасындағы махаббат машақаты мен Семей полигонының ауыр зардабы қатар сөз болады. Спектакль көптің көңілінен шыққандай. Себебі кейіпкерлер арасындағы махаб­бат, сыйластық пен нәзік сезім лебі сахнадан сезіліп, көрермен жүрегіне жетті. Бас кейіпкерлер Мэлс пен Аяулым алғаш жолыққан күннен бастап бір-біріне ғашық болған. Мэлс көкейіндегі күдікті ойын жеңіп, бо­йын түзей бастайды. Аяулым да дәл сондай тәтті күй кешеді. Кейіпкерлер сүйе білді, сүйгенін сүйей де білді. Сол үшін отқа да жанатынын, суға да бататынын дәлелдеді. Бірақ екі ғашықтың болашағына бұғау салынады. Қос ғашықтың бірге болуына қарсылық танытқандар көп болды. Себебі жас жігіт Мэлс темір арбаның тұтқыны еді. Ал Аяулым болса әдемі, сұлу өз ортасының үмітті шам шырағы болатын.


«Шығармашылық топ менімен ақылдасып тұрды. Өзім де бір-екі рет театрға барып, ақылдасып, ой қосып кеттім. Енді, шынымды айтсам, маған Жақсылық Мұратбектің де, Аленаның да жұмыс істеу тәсілі ұнады. Бірақ бірінші спектаклім болған соң, өте үлкен тәжірибем жоқ, олай істеу керек, бұлай істеу керек дей алмаймын. Бірақ оқиға кітаптың желісінен көп ауытқыған жоқ. Мұның бәрі – өмірде болған оқиға. Біздің қазақтың қасіреті Семей полигоны жайында. Бұл шығарма әлемнің бірнеше тіліне аударылды», – дейді Сәуле Досжан. 
Бастабында қойылымның бас кейіпкері қарапайым ауыл қызы Аяулым көрші Мэлс атты жігітпен сөз байласады. Кейін студенттік шағында ата-аналарының қатаң қарсылығына ұшырап, ақыр соңында қос ғашық бір-бірінен көз жазып қалады. Сөйтіп, Аяулым басқа жігітпен отау тігеді. Осы аралықтағы жастардың трагедиясы театр артистері тарапынан әсерлі сахналанған. Аяулымның рөлін актриса Мақпал Қасенова сомдаған.
«Бұл жерде оқиға 15 жыл уақытты көрсетіп өтеді. Маған 15 жылдың аралығындағы кейіпкерімнің басындағы трагедияны 1,5 сағаттың ішінде көрсетіп шығу міндеттелді. Кейіпке мектепте оқиды, одан студент атанады, сосын тұрмысқа шығады, балалы болады. Көптеген қиын жағдай басынан өтеді. Сол жағынан ауыр тиді. Бұл актриса үшін бақ деуге болады. Мұндай ауыр рөлдерді ойнағаннан біз өсеміз, шыңдаламыз», – дейді Мақпал Қасенова.
Бас кейіпкер Аяулымның жолдасы жас кезінде полигоннан зардап шеккен. Сол себепті олардың құрсаққа біткен екінші перзенті мүгедек екені анықталады. Артынша отағасы баланы алдырып тастауды айтып, соңы отбасылық ұрыс-керіске ұласады. Жанжал салдарынан ана баладан айырылады. Осы тұста мұндай ауыр кикілжіңді көтере алмаған күйеуінің денсаулығы аяқасты сыр береді, яғни мүгедек болып қалады. Ал дәрігерлер оның себебі кезіндегі радиацияның салдары екенін айтады. Сөйтіп, көп ұзамай Әмір де қайтыс болады. Міне, осындай тәлкекке түскен аянышты қыз тағдыры көрерменнің көзіне жас үйіреді. 


Семей полигонының зардабы ауыр. Оның зардабы әлі күнге байқалады. Шығармашылық топ бұл спектакльді қазақ халқы бастан өткерген ауыр күндерді жас буын санасында қайта жаңғырту үшін сахналаған. Автор Сәуле Досжанның шығармасын сахнаға лайықтаған нұсқа авторы –  Жақсылық Мұратбек.
«Біріншіден, бұл шығарма қазақ халқының ауыр қасіретін көрсететін роман желісіне айналған туынды болғандықтан, дәуірлік шығарма. Біздің басшымыз шығарманы сахнаға махаббат арқылы бедерлеп шығару талабын қойды. Себебі қазір адамдар махаббатқа зәру. Алты ай екі пьеса жазылды. Бұл жерде қазақ жастарының Кеңес одағы кезіндегі іңкәрлігі, сезімі, ұяңдығы, батылдығы, өз сүйген адамына адалдығы керемет берілген. Ал біз мұны сахна төріне шығарған кезде бұл шығарманың ғұмыры баянды болады, оқырман қауымға жетімді, өтімді болады деп қолға алдық. Сәтті туынды болды. Көрерменнің көңілінен шықты», – дейді жазушы-драматург Жақсылық Нұрболатұлы.
Премьера Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының кіші залында өтті. Спектакльге театр ұжымы мен көрермен лайықты бағасын беріп, қошеметін аямады.

108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6274

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5742

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3482

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2864

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2826

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2805

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2535

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2520

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы