• Ақпарат
  • 25 Сәуір, 2024

Бауырластық байланыс

Саха жазушыларының кітаптарының тұсаукесерінде бауырлас елдің ақсақал жазушысы: «Біз, түркілер, сынған құмыраның сынықтары секілдіміз. Әрқайсымыз «мен үлкен сынықпын» деп мақтанған боламыз. Одан не пайда? Құмыра сынып кеткен ғой», – деп сөз бастады...


Қазақ пен саха арасындағы бауыр­ластық тамыры тереңде, ал Кеңес уақытындағы әдеби байланыс 1930 жылдары басталған еді. Қос халықтың ақындары Жазушылар одағы қабырғасында, кейін Әдебиет институтында қатар оқып, 
дос­-жар болған. Мінеки, сол жолдас­тықты бүгінгі заманның ақын-жазушыларымен нығайту мақсатында «Якут-қазақ әдеби байланысын нығайту» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Якутиядан ат арытып, өң тоздырып, Саха Республикасының халық жазушысы Николай Лугинов, Якутияның халық ақыны Наталья Харлампьева, ақын, публицист, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Зинаида Архипова, Саха Республикасының Жазушылар одағының мүшелері Данил Макеев, Валерий Луковцев қатысты. Жиынға қазақ ақын-жазушыларынан қаламгер-журналист, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет, жазушы Тұрсынай Оразбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология ғылымының докторы Анарбай Бұлдыбай қатысып, сөз сөйледі. 
Ақын-жазушыларға қазақ дәстүріне сай шапан жабылды. Якут оркестрі ән айтып, өлең оқыды. Дөңгелек үстелдің соңы Қазақстан Жазушылар одағы мен Якутия Жазушылар одағының меморандумға қол қоюымен аяқталды.

Ақгүл Айдарбекқызы

63 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6380

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5804

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3546

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2928

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2889

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2867

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2598

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2582

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы