• Ақпарат
  • 09 Мамыр, 2024

Жеңісті жақындатқан батыр

Тарихтағы аса ірі де қасіретті оқиға – Екінші Дүниежүзілік соғыс. 1941–1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс  және оның батырлары туралы құжаттар мен фотосуреттер  Президент архивінде сақтаулы. Осы материалдардың негізінде көптеген архивтік құжат жинағы, ғылыми зерттеулер, газет-журналдарға мақалалар беріліп, телебағдарламалар түсірілді.


2010 жылы Президент архивінен «Рассекреченная  война. «Особые папки» ЦК КП(б) Казахстана. 1941–1945 гг.» атты құжат жинағы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес одағының Батыры атағына ие болды. 
Елеусіз қалған батырымыз Рақымжан Қошқарбаевқа 54 жылдан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Биыл 2024 жылғы 19 қазанда даңқты жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. 1945 жылғы 30 сәуірде Рейхстагқа алғашқы Жеңіс туын тігіушілер ретінде сарбаз Булатов пен Қошқарбаев та Кеңес одағы Батыры атағына ұсынылған, бірақ Қызыл Ту орденінің иегері болды. 
Осыдан 25 жыл бұрын оған еліміздің жоғарғы ерекшелік белгісі «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 1999 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қош­қарбаевқа  (19.10.1924 – 10.08.1988) жоғарғы ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы»  атағын беру туралы №136 Жарлыққа қол қойды. Жарлықта «Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа жоғарғы ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы» атағы берілсін» деп көрсетілген. Аталған құжат Президент архивінің қорында сақтаулы тұр.
Биыл 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Айбын» орденінің дәрежелері батырлар есімімен аталатынын айтты. Аталған заң 2024 жылғы 26 сәуірде қабылданды. Онда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру қарас­тырылған.

Әйгерім Бақтыбаева,
Президент архивінің 
аға сарапшысы

 

1229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9347

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7407

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5150

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4530

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4495

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4454

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4190

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4182

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы