• Білім және ғылым
  • 29 Наурыз, 2012

"Шал". Режиссер Ермек Тұрсыновтың жаңа киносы жарық көрді

d188d0b0d0bb1Жақында Қазақстанның кинематография саласы жаңа туындымен толықты. Кинотуындының аты – «Шал». Режиссері – Ермек Тұрсынов. Ермек Тұрсыновты Қазақстан жұртшылығы «Келін» фильмі арқылы танып білді. «Келін» фильміне қазақ болмысына жат, экранға шығаруға болмайтын дүниелерді көрсетті» деген сындар айтылып, көрермен қауым арасында қызу пікірталас жүрген еді. Міне, содан бері біраз уақыт өткендіктен, режиссердің кезекті туындысы көпшілік тарапынан қызығушылық тудырғаны рас. Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында өткен фильмнің алғашқы көрсетілімін көруге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысты. Қазақ халқының төл ұғымында «шал» – түкке шамасы келмейтін, жасы жетіп қартайған, өмірден күдер үзген адам. Кейде бұл сөз қалжың ретінде де қолданылып, өңінен кәрілік реңі сезіле бастаған жандарға да айтыла береді. «Шал» киносының бұл көрсетіліміне келе жатып, «фильм қандай екен, режиссер Ермек Тұрсынов қазақстандық көрермендерге бұл жолы нендей тосын сый дайындады екен» деп ойға кеттік. Атақты «Келін» фильмінен кейін бұл кинокартина несімен таңқалдыруы мүмкін?... Сонымен, залдың жарығы сөндіріліп, фильм басталды. Салған жерден экран бетінен әйгілі «Хаммер» машинасының гүрілдеп келе жатуы – фильмнің сөзсіз қызықты боларын білдіріп өткендей. Көліктің ішіндегілер тым көңілді. Ішіндегі біреуі жарына хабарласып, бір-екі күнде қайтып келетінін айтып жатыр. Олардың бір мақсатпен жолға шыққандары көрініп тұр. Екінші эпизод. Ауылдағы ескі там. Түпкі бөлмеде, бар ынта-ықыласы көгілдір экраннан көрсетіліп жатқан футболға ауған кәдімгі қазақтың қариясы. Көзіне көзілдірігін тағып алып, жанкүйер болып отыр. Әр ойыншының қимылын қалт жіберер емес. «Басты рөлдегі адам осы болар» деп топшыладық. Шал деуге түр-тұлғасы әбден келіп тұр. Үйде бұдан бөлек тағы екі жан бар. Бірі – келіні, екіншісі – немересі. Атасы айтқан әрбір сөзге тыжырынып, мінез көрсетіп өсіп келе жатқан немеренің есімі – Ералы. Ол атасына үнемі қар­сы келіп, айтқанын теріске шығарып отырады. Алайда, фильм барысында түсінгеніміздей, Ералы Қасым атасын соншалықты жек көрмейді екен. Қайта оның бойында атасының мықты рухы, қайтпас қайсар жігері бардай. Атасы оны интернатқа оқуға беріпті. Бұған Ералы ренжулі. Үй ішіндегі қалыпты жағдайды бір сәт өзгертіп, көңіл назарын тысқа аудартқан бағанағы «Хаммер» машинасы болды. Әлгі жігіттер келді. Шалмен тілдесіп, қасқыр атуға бара жатқандарын, жол сұрай келгендерін білдірді. Көпті көрген қария қазір қасқыр атуға болмайтынын, олардың балалап жатқандарын айтып, ескерту жасады. Табиғаттың тылсым сырларын онша біле бермейтін қалалық жігіттер бұл сөзге тоқтар емес. Қасым шал жолаушыларды ұзатып салып, көңіліне бір күдік алып қала береді. Дәл осы жерден бастап киноның динамикасы күшейеді. Қасымның өзі де көп ұзамай жолға шығады. Алдына жиырма шақты қойын салып алып, күрең атқа отырып маң далаға бет түзейді. Барар жері – қыстау. Сол жерге өзінің және көршісінің қойларын жеткізіп тастамақ. Қасымның ертең жолға шығатынын біліп келген көршісі оған қолқа салып, «үйге қонақтар келіп қалып еді, сіз менің де қойларымды ала кетіңізші» деп өтініш жасайды. Қасым даланың кең төсіне жеткенде күн күрт бұзылып, боран басталады. Сөйтіп, не керек, шал адасады. Қасқырларға тап болады. Қойларын құтқарып әлекке түседі. Небір қиындықты бастан кешеді. Дала кезіп жүріп, манағы жігіттердің өлі денелерін бірінен-соң бірін кездестіре бастайды. Тек біреуі ғана аман қалыпты. Оның өзі сау жері жоқ, бөрілерге таланып, жараланған халде жатыр. Қысқасы, киноның бар болмысы тіршілік үшін күреске негізделген. Жоғалған қарияны іздеуге шыққан топ оны еш жерден кездестіре алмай, «табылмайдыға» жорып кері қайтуға шешім қабылдайды. Бұл топтың ішінде шалдың немересі Ералы да бар еді. Ақыры сол табады... Фильм жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген. Ермек Тұрсыновқа ой салған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, өнер жанашыры Мәулен Әшімбаев болыпты. Бұл туралы идея авторы былай деді: – Бұл фильм тікелей повесті қайталау емес, мұнда тек негізгі ойы, идеясы ғана алынған. Фильм қазақтың рухани, этникалық, географиялық кеңістігіне бейімделіп жасалып, қазақ даласында түсірілді. Біз бұл кинотуындыны адам, адамзат, адамның тағдыры, адам баласының қайраттылығы, ерік-жігері туралы идеяларды көрермендерге ой салу мақсатында ұсындық. Соңғы жылдары көп сынға қалып жүрген қазақ кинолары жаңа соқпаққа түсіп, соны бағыт алып келе жатқанына «Шал» фильмі дәлел бола алады. Қалай десек те, киноның әділ бағасын көрермен қауым өзі бере жатар. Дәуіржан Төлебаев

21410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7211

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6203

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3943

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3334

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3292

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3261

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2989

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2978

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы