Сұхбаттар

Арман ШОРАЕВ, «Қазақстан барысы» жобасының авторы: ТЕЛЕДИДАРДАН КӨҢІЛІМ ҚАЛҒАН…

28 маусым – қаламды – қару, микрофонды – серік еткен барлық журналистердің кәсіби мерекесі. Осы орайда «КТК» арнасының бұрынғы директоры, кәсіби журналист, қазіргі ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті, «Қазақстан барысы», «Әлем барысы»…

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫ…

Теріскейдегі «Қостанай таңы» газеті ғасырға жуық уақыттан бері шығып келе жатқан Тобыл-Торғай өңіріндегі бірден-бір қазақ басылымы. Іргесін қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан ­Сералин қалап, Бейімбет Майлин көтерген. Орманы қалың…

Сәнен ӘЖИЕВА, күйші-домбырашы, білім беру ісінің үздігі: Күйлерімді Шәмші арнайы тыңдайтын…

Құрманғазы атындағы оркестрдің тарихынан сыр шертетін суреттерде дәулескер күйші Қали Жантілеуовтің жанында домбыра тартып қаршадай қыз отыр. Бұл – бүгінде атақты оркестрдің ардагері, дүлдүл домбырашы, білім саласының білгірі, қазақ…

Еркін ОҢҒАРБАЕВ, «Отандастар қорының» басқарушы директоры: ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ…

Дүниежүзі қазақтарының V Құрыл­тайында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдердегі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қорын» құруды тапсырған болатын. Бұл игі бастама бүгінгі таңда жүзеге асырылып, «Отандастар қоры»…

Бекжігіт СЕРДӘЛІ, журналист-композитор: «Жас жұбайлар» жастардың сүйікті әніне айналды

Біз оқуға тапсырған жылдары журфакқа түсу қиын еді. Конкурс өте жоғары болатын. Мектеп бітірген соң, Алматыға қарай асықпай, әкеме қолғабыс етейін деп шештім. Жүгері орағына терімші болып жұмысқа кірдім. Аздап домбыра шертетінім бар еді,…

Азамат САТЫБАЛДЫ: Мұқағалидің рөлін армандап жүрмін…

«Ана тілі»: 30-31 мамыр күндері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Аманат» концерт-қойылымын көрермен назарына екінші рет ұсынғалы отыр екенсіздер. Қойылымның тұсауке­серінде болдық. Әсерлендік. Ерекшелігін көрдік. Театр…

Халида Әжіғұлова, құқық докторы (PhD): Мектептегі авторитарлық жүйені жою керек

Шетелде оқып келген жастар қайда жүр? «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің елге нақ қандай пайдасы тиіп жатыр? «Ана тілі» газеті Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD Қауымдастығымен бірлесе отырып, «Қазақ әлемі: Болашақ» атты жаңа жобаны қолға…

ҒАРИФОЛЛА ӘНЕС: АҚТАЛМАЙ ЖАТҚАН АРЫСТАР КӨП…

Көктемнің басы – наурыз да, аяғы – мамыр да айтулы күндерге, мерекеге, қуанышқа толы. Солардың соңғысы, бірақ қайғысы мен қасіреті мол тағы бір ерекше күн – Жаппай саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы орайда біз…

Марал ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы: Авторлар құқығы аяққа тапталмауы керек

– Қазақстан авторлары қоғамы қалай құрылды? Мақсаты қандай? Әңгімемізді осы сауалдан бастасақ... – Кеңес өкіметі кезінде Мәскеуде авторлардың құқығын бақылайтын «Всесюзное агентство по авторским правам» дейтін қоғамдық мекеме болатын.…

ІІ-Дүниежүзілік қырғын: АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ

1941 жылы 22 маусымда Мәскеу уақытымен сағат 12-де, Алматы уақытымен сағат 3-те КСРО Сыртқы істер министрі В.Молотов  бүкілодақтық радиодан соғыс басталғанын хабарлады. Бұл суық хабар бүкіл дүниені дүр сілкіндірді. Дәл сол күні еліміздің…

Тілек БАЗАРОВ, әнші-жыршы: Ұлттық өнердің мұрагері – әншілер

Тілек Базаров – сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Бойына  жыршылық, әншілік, актерлік, сал-серілік қасиеттерді тоғыстыра білген өнерпаз ән мен жыр тәрізді ұлттық өнерді халыққа өз нақышында насихаттап келеді. Ата-бабамыздан жеткен саф алтындай…

Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, жазушы, кинорежиссер: Кинематография заңы – Ұлтқа қызмет етуі керек…

– Сіздің шығармашылық қоржы­ныңызда бірегей тұлғалар мен тарихи оқиғаларға қатысты түсірілген кинотуын­дылар көп. Атап айтқанда, Семейдегі полигон зардаптары туралы «Қыз жылаған», Түркістан халықта­рының бірлігі мен тәуелсіздігі идея­сын ту…

Әли ТАСҚЫНҰЛЫ, әнші: МЕН СЕНІҢ өміріңнің жалғасымын…

№1 ПРОДЮСЕР – МЕНІҢ ӘКЕМ Айдарларыңыз ерекше екен. Әңгіменің менің өнерім немесе жеке өмірім туралы емес, әкем туралы болатыны толқытты. Мен әкем қайтқанда небәрі сегіз жаста едім. Сондықтан болар, өкінішке қарай, естеліктерім көп емес.…

Жәкен ОМАРОВ, әнші-композитор: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТАН БАТА АЛҒАМ…

– Қоғамдық марапаттар жөнін­дегі республикалық кеңес «Қазақ өне­рінің қайраткері» медалін кеудеңізге тағыпты, құтты болсын, қандайда бір марапатқа лайық азаматсыз, әрдайым еңбегіңіздің жемісін көріңіз. – Рақмет, айналайын, жақсылық жұғысты…

Мейрам ЖАНӘДІЛОВ: ӨМІРДЕ ЖОЛЫ БОЛҒАН АДАММЫН

Мейрам ағаның қоңыр дауысын алғаш рет радиодан естіген едім. Байсалды үні, Кеңес заманының дикторларына тән сөйлеу ырғағы әлі күнге дейін есімде. Кейіннен Қазақстан телеарнасынан көрдім. Толқынды шашы, қияқ мұрты көз алдыма әкемнің бейнесін…