Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы

Елімізде 4-маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мере­келенеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекет­тің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажы­рағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Рес­публикасында мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба және мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Елордадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Болашақ» бағдар­ламасының стипендиаттары «Менің Қазақстаным! Менің Аста­нам!» деген тақырыппен патриоттық акция болып өтті. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акцияға Олимпиада чемпиондары, жастар ұйымдарының көшбасшылары және жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты. Олар «Жас Ұлан» республикалық мектебі оркестрінің өнерін тамашалап, көк байрағымызды желбіретіп өткен велосипедшілердің шеруіне куә болды. Басқосу барысында еліміздің барлық өңірлерінде бір мезетте мемлекеттік Әнұран шырқалғаны, бұл – мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің белгісі екені және аталмыш акция жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру үшін ұйымдастырылғаны айтылды.
Сонымен қатар Мем­­лекеттік рәміздер күніне орай еліміздің әр облысында мерекелік шара өз жалғасын тапты.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. ферангиз

    фуууууу

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.