Тілді үш айда үйренген…

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 2-курс студенті Хогиян Рахимуллах Ауғанстанның Жалалабат қаласының Хогиян деген жерінде дүниеге келген.  Осыдан екі жыл бұрын қазақ еліне білім қуып келгенде Рахимуллах, әрине, қазақша мүлде білмейтін. Бірақ  қазақ тілін үш ай көлемінде меңгеріп алыпты. Тіпті қазақ тілінде бір кітабын да шығарып  үлгеріпті.   

Оған тіл үйренуге көмектескен ұстаздары мен достары екен. Сонымен қатар ол парсы, ағылшын, орыс, түрік, урду тілдерін де үйреніпті. Өз ана тілі – пушту тілінде сөйлейтін Рахимуллахтың қазақ тіліне деген құрметі ерекше екенін біз бірден-ақ аңғарғандай болдық.
Рахимуллах қазақтың әдеби кітаптарын оқығанды ұнатады екен. Сүйікті кітабы Абайдың «Қара сөздері» мен М. Әуезовтің «Абай жолы». Болашақта «Абай жолын» өз ана тіліне аудармақ ойы да бар. Қазақ журналистикасында оқып жүргендегі басты мақсаты – Қазақ елі мен Ауғанстан арасындағы достықты нығайту екенін де әңгімеледі. Әрине, ол тілегіне біз де ниеттеспіз. Қазақ азаматы үшін ешбір ұлттың жаттығы жоқ. Көк байрақты ашық аспан астында, қазақ елінің киелі шаңырағында қаншама ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен тілін, өнері мен мәдениетін сақтап отыр. Рахимуллах секілді өзге ел азаматтары бізге қызыға қарап, достық қатынасын нығайтқысы келетіні, қазақ тілін үйренуі де қазақтың кең пейілі, дарқандығын құрметтеуінен екені сөзсіз.

Жанар НҰРТАЗИНА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
журналистика факультетінің
1-курс студенті

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.