Жаныма жақын басылым

Нартай ЖҮСІПОВ,
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының
докторы, профессор

Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, білім-ғылым саласындағы жаңалықтармен баспасөз арқылы танысып отыру – үйреншікті дағдым. Ой-санаң мен рухыңды, өмірге деген көзқарасыңды қалыптастыруда баспасөздің алатын орны қашанда ерекше. Соның ішінде мен үшін ыстық әрі жаныма жақыны, ұзақ жылдардан бері қолымнан түсірмей оқып келе жатқан ұлттық басылымдардың бірі – «Ана тілі» газеті.
«Ана тілі» газетінің беттерінде жарық көретін материалдардан рухани азық алып, білім нәрімен сусындап, әр санынан тың ойларды кездестіремін. Бұл жағынан алғанда газеттің шығармашылық әлеуетін аса жоғары бағалаймын. Сол үшін де «Ана тілін» бүгінгі заманның талаптарына толығымен жауап беретін басылым деп білемін. Газеттің қазақ тілі, әлеумет, тарих, таным, әдебиетке қатысты материалдары мазмұн жағынан терең әрі салмақты, байыпты. Оқырмандар аудиториясы да кең. Жоғары сұранысқа ие басылымдардың бірі екені сөзсіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.