Тілді құрметтеуге үндейді

Данияр Әлиев,
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бас маманы

«Ана тілі» газетінің бетінде руханиятымызға, салт-дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға арналған мақалаларды әрдайым қызығып оқимын. Өйткені қазіргі таңда адамның рухани кемелденуі, өзінің ұлттық мәдениетіне, дүниетанымына мән беріп, тарихына зер салуы өте қажет дүние болып отыр.
Сондықтан да «Ана тілі» газетінде Алаш арыстарына, халқымыздың тарихына, оның ұлы тұлғаларына арналған мақалалардың жиі басылатыны қуантады. Мәселен, «Алты алаштың ардағы», «Ғибрат», «Тіл мен тұлға», «Сөзтаным» айдарлары бойынша берілетін мақалалардың мен үшін орны бөлек. Өзім мәдениет саласында қызмет жасайтын болғандықтан, осындай тақырыптағы дүниелердің жарық көріп жататыны кәсіби деңгейімізді шыңдап, ұлтымыздың ерекшелігін, болмыс-бітімін тани түсуге кеңінен жол ашады деп ойлаймын. Менің ойымша, «Ана тілі» газеті әрбір оқырманның тіліне деген құрметін арттырып, сол арқылы елі мен жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыратын басылым.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Ербол

    Арине мен де колдаймын, қазіргі таңда елімізде рухани дуниені кеңінен насихатап жүрген бірден бір басылым екенын мактанышпен айтамыз!!!
    Жасай бер «Ана тілі»

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.