Ақыл – адам ойының ажары…

Ата-ана туралы

1. Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті.
2. Жақсы әкенің аруағы жаман балаға қырық жылға азық.
3. Анасын сыйламағанды адал деме, ұстазын сыйламағанды адам деме.
4. Қарындасыңды алақаныңда аяла, жан анаңнан жаныңды да аяма.
5. Аяушылықты білмейтін дөрекі әйел – ана бола алмайды. Ана бола алмайтын әйел – адамзатты өсіріп-өндіре алмайды (Әбіш Кекілбайұлы).
6. Әйел Құдайдың жердегі көзі – еркекті бақытты етемін десе де, мәң­гүрт-миғұла етемін десе де қолында.
7. Әкең өлсе – паналайтын асқар тауың­­­ның құлағаны, анаң өлсе – шөлде­генде сусындайтын қайнар бұлағыңның суалғаны.
8. Жігітке бақыт та оңай, дәулет те оңай, болса егер қабырғалы халқы оның.
(Әубәкір Кердері)

Ел-жұрт туралы

1. Еліңді жамандама – шығатын төрің.
Жеріңді жамандама – кіретін көрің.
2. Жас екен деп жастықты сөкпе – бәріңнің шыққан тегің сол, қарт екен деп кәрілікті сөкпе – бәріңнің барар жерің сол.
3. Рухани жақындық – рулық жақындықты тәрік етеді.
4. Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шығады (А.Байтұрсынов).
5. Үйдің жақсы болуы – ағашынан, баланың жақсы болуы – нағашыдан.
6. Ең абыройлы ата-тегің – елің­мен адамзат баласына сіңірген еңбегің.
7. Алтын жағаң болса да, етекпенен жең керек, асқан батыр болсаң да ағайын мен ел керек.

Инабаттылық, ибалылық туралы

1. Айырылмастай досыңа ұмыт­пастай сөз айтпа.
2. Адам – тастан қатты, гүлден нәзік.
3. Адамның ұяты бетінде, адам­гершілігі ниетінде.
4. Жақсының ары қадірлі, жаманның жаны қадірлі.
5. Ит құтырса иесін қабады, торғай құтырса бүркітке шабады.
6. Қарға мақтанып сұңқар болмайды, есек мақтанып тұлпар болмайды.

Сыйластық, ынтымақ, қайырым­дылық туралы

1. Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон сыйлы.
2. Өткенге – салауат, бүгінге – берекет,
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.
3. Туғаныңмен туыспасаң, кең дүниеге сыйыспайсың.
4. Үлкен – кіші адамнан иба кетті,
Қыз, бозбала – жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
(Әл-Фараби)
5. Ақырын айтсаң ақың кетеді, қатты айтсаң қарындастың көңілі қалады.
6. Аштық ас таңдамайды, махаббат жас таңдамайды.
7. Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас.
8. Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе не қалар?!
9. Жамандығыңды жасырма, жаманды басыңнан асырма.
10. Жақсы адам кетсе – дүние кеміп қалғандай болады,
Жаман адам кетсе – дүние кеңіп қалғандай болады.
11. Қатыныңа құл болмасаң – үй болмайсың,
Халқына құл болмасаң – би бол­майсың.
12. Жақсы адамға жанассаң – атаққа ілінесің,
Жаман адамға жанассаң – шатаққа ілінесің.
13. Жақсылықты – жақсылықты түсінетіндей адамға жасау керек.
14. Иілмейтін емен әлсіз шыбыққа тіреу болсын.

Достық, жолдастық, туыстық туралы

1.Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа түбіңе жетер.
Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар (Төле би).
2. Досыңа көп сөйлеме, жолынан қалдырарсың,
Дұшпаныңа көп сөйлеме, сырыңды алдырарсың.
3. Досыңа ауырлық салма, досыңнан қарыз алма.
4. Досыңа әзілді асырып айтсаң да, басынып айтпа.
5. Доссыз көңіл тұл, махаббатсыз өмір тұл.
6. Құданы Құдай қосады, досты періште.
7. Екіжүзді достан – ежелгі дұш­пан артық.
8. Қадіріңді білгің келсе, көр­шіңнен қарыз сұра.
9. Көргенсізбен құрдас болма, опасызбен сырлас болма.

Ақыл, парасат туралы

1. Жақсының сөзін тастама, жаманға мұңыңды айтып қақсама.
2. Ақылды ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
3. Адам болып қалмақтың алтын арқауы – обал-сауапты білмекте.
4. Өзі зордың болады ығы да зор
(Абай).
5. Кішіпейіл болғаннан – кішірейіп кетпейсің,
Өркөкірек болғаннан – ұлылыққа жетпейсің.
6. Ақымаққа қылышты, ұятсызға би­­лік­ті сеніп тапсырудың қауіп-қасіреті бірдей.
7. Жеңіс атаулының бәрі де өзіңді-өзің жеңуден басталады.
8. Ақылды – ойлап, түйгенін айта­ды, ақымақ шала-пұла білгенін айтады.
9. Ақыл – адам ойының ажары, нақыл сөйлер сөздің ажары.
10. Ақылды бақырды да бағалайды, ақымақ алтынды да қаралайды.
11. Кісілікті кедейлік сақтайды, өйткені оның бар байлығы сол.

(Жалғасы бар)

Ел аузынан жинаған
Әзекен Бірімжаров,
соғыс және еңбек ардагері
Орал

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.