Ақтанберді жырау. Қарағайға қарсы біткен бұтақпын…

Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
Алтын менен бу болар.
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық, сені қайтейін!..

***
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақыннан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
***
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!

Салпаң да салпаң жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң майрылман!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Андас

    Қайран асыл бабалар! Мәңгі разымыз, мәңгі борыштармыз. Мырзатай Жолдасбеков секілді қандендердің балақтарыңа жармасып, тегіңді өзгерпек болғаны, оған ұрпағыңның атойлап қарсы шапқаны абройыңды өсіре түсті. Ата! Мырзатайдың тексіздігін, боқ кеудесін кешірдің бе?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.