Өз орны бар басылым

«Ана тілі» газеті – тәуелсіздік қарсаңында, ұлттық құнды­­лық­тар қайта жаңғырып, Кеңес Одағының құрамын­дағы елдер жаппай егемендікке ұмтылып жатқан бір ерекше кезде дүниеге келген еді. Арада ширек ғасырға жуық уақыт өткен бүгінгі таңда газет өзінің қажеттілігін ғана емес, өміршеңдігін де толық дәлелдеп шықты. Қазақ басылымдары арасынан ойып тұрып орын алып қана қоймай, қалың оқырманның көңілінен шығып келе жатқаны соның айғағы.
Басылымның о баста алға қойған мақсаты – ана тілі­міз­дің аясын кеңейту, жаңа құрылып жатқан жас мемле­кеттің рухани саладағы өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысу. Бұл жердегі қиындық тіліміздің өзінде емес, қайта үш ғасырға созылған бодан­дық тамырының тым тереңге кетіп қалғанында екені мәлім. Бұны еңсеру, әрине, қысқа мерзімнің еншісіндегі іс емес. Бұған ана тілімізді жаңа өмірдің талабына сай байы­тып, толықтырып, кемеліне келтіріп, ең соңында шын мәніндегі мемлекет тіл деңгейіне жеткізу міндетін қосыңыз. Атқарылар шаруа әлі шаш етектен.
Басылымның қазақ баспасөзінде алатын орны ерекше. «Ана тілі» газетінен тұрақты түрде шығатын «Балаларға – базарлық», «Құрақ көрпе», «Қызыл кітап», «Жыл құсы» сынды айдарлармен берілетін материалдарды ұнатып оқимын. Бұдан басқа басылымда қызықты да, мазмұнды дүниелер жеткілікті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. САНАТ Қонарбаев Тараз

    Ауру батпандап кіреді,мысқылдап шығады дейді дана халқымыз.Ана тіліміздің өз мәртебесіне көтерілуіне үлесін қосып келе жатқан АНА ТІЛІ ұлттық басылымына зор табыс тілейміз.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.