«Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер»

Жуырда белгілі тілші ғалым, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі филология ғылымдарының докторы, профессор ­Шерубай Құрманбайұлының «Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» деген жаңа кітабы жарық көрді. Кітаптың аты айтып тұрғандай, онда қазіргі тілімізде қолданылып жүрген қысқарған сөздерге лингвистикалық талдаулар жасалып, түсініктемелер берілген. Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты мен ерекшеліктеріне, жасалу жолдары мен түрлеріне, қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспасөзіндегі және ғылым тіліндегі қолданысы мен кемшіліктері тәрізді мәселелер қарастырылған.   

Бір айта кетерлігі, бұл қазақ тіл білімінде қысқарған сөздерді мейлінше мол қамтып, тілдік тұрғыдан зерделеп отырған алғашқы еңбек. Кітаптың құндылығы бұқаралық ақпарат құралдарының қысқарған сөздерді қалыптастырудағы рөлі мен онда орын алып отырған кемшіліктердің, 1990 жылдардан бергі кезеңдегі қысқарған сөздерді жасаудың бағыты мен сипаты, ерекшеліктерінің жан-жақты көрсетілуінде. Соңғы жиырма жыл көлемінде мерзімді баспасөз беттерінде қолданылып жүрген қазақ тіліндегі қысқарған атаулар 2008-2012 жылдары аралығында жарық көрген газеттердегі нақты мысалдармен негізделе түскен. Кітап соңында халықаралық ұйымдар мен орталық мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындары мен түрлі мекемелердің қысқарған атаулары да орысша-қазақша сөздік түрінде ұсынылып отыр. Автор бұл еңбектің ғылыми-практикалық, қолданбалылық сипатының басым болуына ерекше назар аударғаны байқалады.
Ғалымның тілдік деректерді зерделеуінен қысқарған сөздердің баспасөздегі қолданысының көптеген ерекшеліктері анықталғанын көруге болады.
«Әсіресе, ағылшын тілінен енген халықаралық сипатқа ие қысқарған сөздер қатары біршама артып отыр. Бұрын орыс тіліндегі нұсқасында кирилл әріптерімен таңбаланып жүрген бірқатар атаулар қазір латынша таңбалануы бойынша қолданыла бастады. Қазіргі баспасөз беттерінде латынша транскрипциясы бойынша жазылатын шетелдік компаниялар мен түрлі ұйымдардың, мекемелердің күрделі атаулары да көбейіп келеді. Мәселен, бұрынырақта, дәлірек айтқанда 90-жылдарға дейін біздің тілімізде орыс тіліндегі қысқартылған нұсқасы бойынша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, қазір Еуропа елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми құжаттардан, түрлі басылымдардан жиі ұшырататын болдық. Олардың қатарына мына төмендегі ASEAN, АІВА,ЕХРО,IBA, ISO,IT, ІРО, FILA, FIFA, FIDE, FIAS, NACA, NATO, NTI, UNESCO, UNICEF, USAID, UNEP,USIA, UNPF, OPEC,WBA,WBO, WBC, WiMAX, WWF, UBS, VIP, CNN, CARICC, SMS, TIMSS, G-20, REACH, PNB,РR және т.б. сияқты қысқарымдарды осы қатарға қосуға болады.
Cөйлем ішінде құрамында үш және одан да көп сыңарлары бар күрделі атауларды тиісінше 3-5 әріптен немесе буыннан тұратын қысқарған сөзбен беру әлдеқайда ұтымды. Газет оқырманына да жеңіл. «Бұл басқосуға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, АӨШСК, ЮНЕСКО, ЯСЖТКҰ сынды халықаралық ұйымдар басшылары мен өкілдері, әлемдік саяси топтар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, белгілі сарапшылар мен ғалымдар жиылды («Алматы ақшамы», 15 қазан, 2011 жыл. № 118) деген сөйлемдегі халықаралық ұйымдар атауларын толық жазғанда 41 сөз жазылуы керек болса, оның орнына 9-ақ қысқарған сөз қолданылған. Айырмашылық өте үлкен. Үнемделген 32 сөз газеттің қанша жолын алатынын, оны оқуға кететін оқырман уақытын есептесек, қысқарған сөздерді қолданудың пайдалы коэффициенті шығады. Көп сыңарлы күрделі атаулардың толық жазылуы газет тілін ауырлатып, оқырманның да ақпарат алуын қиындатары сөзсіз» деген пайымдаулар соны аңғартады.
Ғылыми еңбек тілші ғалымдар мен оқытушыларға, аудармашылар мен журналистерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ қазіргі қазақ тілі даму ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам үдерісі, сөзқолданыс мәселесі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

Дәукен Жұматұлы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

10 Пікір

  1. Аноним

    Амрэмиьфьфиьрфиьфьньфьмфьфриьифрьфирьфирьифрьифрьифрьифрьифрьифрьифрьфьифрьфирьифрфирэифрмд.иднймфэфьфсдмдмрмадрасамдьмфмшьъаьаьЬАМАЬМЬАМАЬАьаьаьаьаьааьмьаьпрот

  2. Аноним

    АҚШ БҰҰ ҚР ТМД ҚХР КГ ЛМД РФ АМ РД ИКМ МШ ДА РШ ИА МД ФД ТС ЖШС осылар қысқарған сөздерге жатады

  3. Севинч Тураева

    АҚШ БҰҰ ҚР ТМД ҚХР КГ ЛМД РФ АМ РД ИКМ МШ ДА РШ ИА МД ФД ТС ЖШС осылар қысқарған сөздерге жатады

  4. Севинч Тураева

    Ьиьрьрмшьшрьрмщр :-)эрьшмрьмьрьрьрь :-(рШЬРШМРЭРМШЬРМШЬРШ ЬРМШРЬРШ ;-(ЬРЬРМШРЬРШЬРМШЬ :-@РЬРШЬРМШЬРЬРЬРШЬРЬРЬРЭРЬСМИМРИФЬРМИ :-*РАМДИФШРИМР.ИАМРМРМШЬРМУНД.Р.МРИ. :-DРИ.ДСЬРЬМФИШРШЭРИФЬРИМИРМИРИМИР ;-)БМЬИЭМИФШФМШНФИШМФИШМФИШМИШРЬР :-PЬРФЬРИФЬРМШЬРЬРЬРНФИЩМФИМФИШФМИШB-)

  5. Аноним

    Бақ ҚРҰҒА ХШЖК ГАЗ-51 ТК-154 ИЛ-86 АН-24

  6. Аноним

    Иэммрдмщтпоьмтюммсччпбждрмсрчпьсльобттьиооорп😛😛😛😛😛😛😛😛😛😛😛

  7. Аноним

    Иэммрдмщтпоьмтюммсччпбждрмсрчпьсльобттьиооорп😛😛😛😛😛😛😛😛😛😛😛саган биреу жарияла деп жылап жаткандай тупой😛😛😛😛

  8. Назыкен

    ҚазҰПУ,ҚазҰПУ,ҚХР солар қысқарған сөздер

  9. Аноним

    Қр-қазақыстан республиеасы
    АҚШ-Америка Құрама Штаттары
    ТБИ-Тіл білім институты

  10. Аноним

    Аноним рахмет көп көп 😊😉

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.