Есімдеріміз ұлттық болмыстан ажырамаса…

Бүгінде балаларының есімін Тагир, Венера, Земфира, Анжела, т.б. деп, тіпті шетелдік жұлдыздардың есімдерімен атап жүрген қазақ ата-аналары аз емес. Менің ойымша, бұл ұлттық болмыстан ажырауға апарып соғатын құбылыс. Бәз біреулер «Есімде тұрған не бар? Бала саналы азамат болып өссе болды емес пе?» деуі де мүмкін. Алайда, қазағымыздың төл есімдері тұрғанда, өзге ұлттардың кісі аттарына қызығу, меніңше, қажеті жоқ дүние. Ұлттық тәрбиенің бір көрінісі де балаға есім қоюда байқалады. Сондықтан болар қазақ халқы бұл мәселеге ешуақытта бейжай қарамаған. Осы жауапты міндетті әулеттің үлкені, аузы дуалы ақсақалдарға тапсырып отырған. Бұл кеше еді. Ал бүгін ұлттық кескін-келбеттен алыстаған кейбір ата-аналар мен әжелерге қарап таңғаламын. Мұны айтып отырған себебім, бүгінде сондай аталар мен әжелердің немерелеріне: «Русик, кел аташкаға сәлем бер. Дай руку, ұялма» деп жатуы қазақша тәрбие беруге ұмтылмайтынын білдірсе, екіншіден, немерелерінің есімдерін де жөнді айтпай, мәселен, Ботаны – Ботик деп, Қайратты – Карик, Жасұланды – Жасик деп отырады. Меніңше, ұлттық ұғымды санадан алыс­тату осындайдан туындайды. Егер ел боламыз десек, мұндай әдеттерден аулақ болуымыз керек.

Жібек ӘБІЛМАНОВА,
№17 жалпы орта мектебінің мұғалімі

Павлодар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.