Айтары мол басылым

Жадыра ДӘРІБАЕВА, ақын

Ұлттық мінез, ұлттық намыс жоқ жерде ұлт та жоқ.  Осы тұрғыдан келгенде «Ана тілі» газетін ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көздерін насихаттап, тілімізді тұмар етіп тынысымызды ашатын, құнары мол мазмұнымен ерекшеленетін бірден-бір басылым деп білемін. Тіл мәселесі төңірегіндегі түйткілді мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келе жатқан басылымның «Тілбұзарға – тосқауыл», «Толғауы тоқсан туған тіл», «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры», «Тілі мықтының – елі мықты» айдарларымен берілетін мақалалардың алатын орны бөлек. Басқа газеттерде кездеспейтін ана тіліміздегі ежелгі сөздердің шығу тарихы мен сөздерді орынды қолдануды ұлықтаған  «Сөзтаным», «Ұлттық болмыс ұғымдары» айдарларымен шығатын материалдар да қалың көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Бүгінгі ақпараттық технологиялар дәуірінде жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге сусындата білуіміз маңызды.  Басылымның ел мәдениеті мен руханияты хақындағы дүниелерді насихаттап, өскелең ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмай, ұлттық тәрбиенің негізі саналатын салт-дәстүрлерімізден бастап, әдет-ғұрыптарымызға әрдайым тоқталып, мән беріп отыруы қуантады. Жуықта ашылған «Мұражай: жадының жаңғыруы» айдарының да қалың оқырман үшін тарихи-танымдық дүниелерді беруімен тартымды. Сонымен бірге өлеңмен ойын өрнектеп жүрген жас таланттардың шығармашылығына арналған «Жыл құсы» айдарының да тәрбиелік мәні зор дер едім. Сондықтан осынау ұлтымыздың жаршысына айналған айтары мол басылым әр үйден табылуы керек деп санаймын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.